Сүзбеден тәтті дайындау

СҮЗБЕДЕН (ТВОРОГ) ОҢАЙ ТӘТТІ

ҚҰРАМЫ:

Қамырына:
Сары май немесе маргарин — 100- 120 гр
Қант — 2-3 асқасық
Қопсытпқыш — 0,5 шай қасық
Ұн — 1 стақан

Арасына:
Сүзбе (творог) — 500 гр
Жұмыртқа — 2 дана
Қант 1 стақан
Ванилин
Үстіне:
Құлпынай (консервідегі) — 400 гр
Киви — 1 дана
Қант — 0,5 стақан
Крахмал — 1 немесе 2 асқасық
Дайындалуы:
Жұмыртқаларымызға қант салып араластырымыз. Ванилин саламыз және сүзбемізді салып, 2-3 минут араластырамыз.Ұнға салқын майды турап, қант және қопсытқышты салып,қолымызбен мыжғылап, қамыр илеймізқалыбымызға жайғастырып, араластырып қойған сүзбемізді қамырдың үстіне құйып, 180 дәрежеде 25-30 минут қана пісіреміз. Сүзбе қызарып піспеу керек. Консервідегі қатынайды тіліміздің бетіне қалағаныңыздай тізіп шығыңыз.Құлпынайдың 2 стақан шырынын ыдысқа құйып, үстіне крахмал саламыз. Егер де үстіндегі крахмал желе сияқты қатып тұрсын десеңіз 2 асқасық салыңыз. Мен өзім соус ұқсап төгіліп тұрсын деп,1 ғана асқасық крахмал салып,отты жағып, тоқтамай, қоюланғанша, араластыра береміз.Қоюланған шырынды тәттіміздің бетіне құйып,ең аз дегенде 5 сағат тоңазытқышқа саламыз. Жалпы түнде жасап, таңертең ұсынған жөн болар. Тәттіміз әбден салқындап, тоңазытқыштан шыққанда ғана қалыбын аламыз.

Яндекс.Метрика