Шие қосылған торт

Қажетті заттар:

  • 500 г сүзбе
  • 500 г қаймақ
  • 500 г шие
  • 500 г қант
  • 200 г қант қосылған печенье
  • 100 г май
  • 50 г желатин
  • 1 қалташа шие тоңба

Дайындалу тәсілі:

  1. Желатинді 400 мл суға бұқтырып қойыңыз. Печеньені ұсақ қылып үгітіңіз.
  2. Майды ерітіп, үгітілген печеньеге қосыңыз. Пайда болған қоспадан шелпек нан сияқты шеңбер жасап, арнайы ыдысқа салыңыз.
  3. Шие тоңбасын қалташада жазылған тәсіл бойынша дайындаңыз. Ол суығанша тәтті крем жасаңыз. Крем жасау үшін қаймақты және сүзбені қантпен араластырыңыз. Одан кейін суыған тоңбаны қосып, тағы да араластырыңыз.
  4. Шиенің жартысын блендерге салып, езіңіз. Пайда болған езбені кремге қосып, араластырыңыз.
  5.  Шелпек нанның үстіне кремді құйып, тоңазытқышқа салыңыз.
  6. Дайын болған тортты тоңазытқыштан шығарып, қалған шиемен өрнектеңіз.

 

spot_img

Қызықты

Жаңа туылған сәбиге керек жиһаздар

Отбасындағы сәбиіңіздің күтімі Перзентханадан ана сәбиімен келер алдында ең алдымен,...

Шала туылған баланы тамақтандыру

Шала туылған балаларды тамақтандырудың қиындығы ағза қызметінің едәуір жетілмегендігіне...

Черный принц торты

Құрамы: Айран-1стакан Ұн-1стакан Қант-1ст Какао-1 ас қасық Сода-1 шай қасық Жұмыртқа-1 дана Шоколад Крем: Маргарин немесе сары май-200гр Қант-0.5...

Шала туылған нәресте және оның күтімі

Өзімізді қоршаған ортадағы зиянды факторлардың ұрыққа әсер ету зардаптарының...

Жатыр миомасы

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың...