Шоколад және маскарпоне қосылған тәтті десерт

Қажетті заттар:

  • Печенье (талғамыңызға сай)
  • 250 г  маскарпоне ірімшігі
  • 200 мл жоғарғы майлылығы бар кілегей
  • 200 мл сүт
  • 100 мл суық кофе
  • 100 г қант ұнтағы
  • 1 шай қасық ваниль экстракты
  • кез-келген шоколад пастасы

Дайындалу тәсілі:

  1. Кілегейді миксермен жақсылап араластырыңыз.
  2. Оған маскарпоне, ваниль және қанттың жартысын қосыңыз. Біркелкі массаға дейін араластырыңыз. Биік бокал немесе креманканы дайындап қойыңыз.
  3. Суық кофені сүтпен және қантпен араластырыңыз.
  4. Бұл қоспаға печеньені 20-30 секундқа салыңыз. Одан кейін печеньені бокалға немесе креманкаға бір қабат етіп салыңыз. Үстін шоколад пастасының қабатымен жабыңыз. Қабаттарды тағы бір рет қайталаңыз. Үстін үгітілген шоколадпен өрнектеуге болады.  Дайын десертті тоңазытқышта сақтаңыз.

 

 

spot_img

Қызықты

Ветчина қосылған кобб-салаты

  Ветчина қосылған кобб танымал америкалық салаттың өзгертілген түрі. Тағамның...

Иммунитет үшін режимнің алатын орны

Бәріңіз бірнеше рет оқыдыңыздар иммунитет жақсы бол үшін режим...

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына...

Жүктілік кезіндегі саяxат

Жүктіліктің екінші триместрі (14-28 апт)саяxаттау үшін өте ыңғайлы болады,...

Тамаша салат

 Құрамы: Тауық жонеті — 400 Грамм (піскен)   огурцы —...