Тіскебасар

Кепкен тауық еті, қара өрік жəне шампиньон қосылған қатпарлы тіскебасар

Қоспалары:
кептірілген тауық еті – 400 г
қара өрік – 100-150 г
грек жаңғақтары – 100 г
сəбіз – 2 шт.
картоп – 4 шт.
жұмыртқа – 4 шт.
сыр (қатты) – 300 г
шампиньон – 250 г
шампиньондарды қуыруға қажетті 1 ас қасық өсімдік майы
тұз
майонез

Безендіруге:
жарты қияр
жақсылап майдаланған 3 ас қасық грек жаңғағы
бір бау петрушка
клюкваның бір жемісі

Дайындалуы:
Жұмыртқаны дайын болғанша қайнатыңыз, суытыңыз, тазалап, майда үгкіштен өткізіңіз. Картоп пен сəбізді жуыңыз, қайнатып пісіріңіз, суытып, тазалаңыз. Сəбізді ірі үгкіштен өткізіңіз, картопты майда кубиктеп тураңыз.
Шампиньондарды жуып, тазалап, майдалап тураңыз. Өсімдік майын табаға қыздырыңыз, шампиньондарды қуырыңыз (7 минуттай), қуырып болған соң тұз себіңіз. Қуырылған шампиньондарды суытыңыз.
Қара өрікті жуып, жаксылап кептіріңіз, майда кубиктеп тураңыз, (егер қара өрік құрғақ болса, оған 5-10 минутқа ыстық су құйыңыз)
Сырды майда үгкіштен өткіземіз, кептірілген тауық етін кубиктеп тураймыз, грек жаңғақтарын майдалаймыз.

Салатты қабаттап саламыз:

1. Сəбізді аздап тұздаңыз, майонез жағамыз (немесе қаймақ)
2. Сырдың жартысы
3. Үгкіштен өткізілген жарты жұмыртқа (2 шт.)
4. Картоптың жартысы, аздап тұздаңыз, майонез жағыңыз.
5. Грек жаңғағының жартысы
6. Қара өрік
7. Кептірілген тауық еті, майонез
8. Қуырылған шампиньон
9. Қалған грек жаңғақтары
10. Қалған картофельді тұздаңыз, майонез жағыңыз
11. 2 жұмыртқа
12. Қалған сыр

Тоңазытқышқа 4 сағатқа қойыңыз, сосын дастарханға қойыңыз! Ас болсын!

spot_img

Қызықты

Канапе

Бізге керегі: ? 1 дана багет қара наны ? 200 г...

Рафаелло

Құрамы: 1кукуруз 80грам 1банка сгущенка Кокосовый стружка Орех Дайындалуы: Кукурузды еземіз. Оған сгущёнка қосамыз. Араластырамыз....

Өте дәмді торт

 Құрамы: Сгущенка өте қою - 500 гр Жұмыртқа - 3 шт Сарымай...

Ағзаңызды тыңдаңыз!

Майлыны жиі жегіңіз келсе, сізге кальций жетіспеуі мүмкін. Ірімшік,...

Жүкті әйелге керек 10 кеңес

1.  Дәрігерге барып тексеріліңіз: жүктілік жағдайы қалай болып жатыр?...