Тортқа арналған ең қарапайым крем түрлері

1. Классикалық крем
– 500 мл сүт
– 200 гр қант
– 1 шай қасық ванилин
– 50 гр ұн
– 4 шт жұмыртқа сарысы
Алдымен жұмыртқа сарысымен қантты шайқап, оған ұнды, ванилин қосып тағы шайқап аламыз.
Сүтті бөлек ыдысқа құйып, қайнағанға дейін отта ұстаймыз. Оттан алып, жұмыртқа қоспасының үстіне құямыз. Шыққан қоспаны отқа қойып, қою болғанға дейін қайнатамыз. Дайын!

2. Әмбебап майлы крем
– 200 гр сары май
– 4 жұмыртқа
– 200 гр қант
– 100 гр қант пудрасы
– ванилин
Құрғақ қазанға жұмыртқа мен қантты шайқап аламыз. Отқа қойып жылыта бастаймыз. Үнемі араластырып тұрамыз. Қою қоспа шығады. Оттан алып үстелге қоямыз. Қоспа суығанға дейін араластырамыз. Бөлек ыдысқа Сары маймен қант пудрасын шайқаймыз. Соған жұмыртқа қоспасын және ванилин қосамыз. Жақсылап араластырамыз. Дайын!

3. Крем сгущенкадан
– 200 гр сары май
– 100 гр сгущенка
– 2 жұмыртқа сарысы
– ванилин
Езіліп тұрған сары майды сгущенкамен шайқаймыз. Шайқап тұрып, бір бірден жұмыртқаны қосамыз. Соңында ванилин қосамыз. Дайын!

4. Оңай крем
– 1 банка сгущенка
– 200 гр слив масло
Езіліп тұрған майды сгущенкамен жақсылап шайқаймыз. Дайын!

5. Жарма ұнтағынан крем
– 1/2 стакан сүт
– 1 ас қасық жарма ұнтағы
– 1 шай қасық қант
– 1/2 шай қасық сары май
– 1 жұмыртқа сарысы
– ванилин
Сүтті ванилинмен бір қайнатып аламыз. Жарма ұнтағын азғана сумен араластырып, қайнаған сүтке қосып, баяу отта қайнатамыз.
Жұмыртқа, қант, сары майды жақсылап шайқап аламыз. Жұмыртқа қоспасына аздап жылы жарма ботқасын қосып, тағы да жақсылап шайқаймыз. Дайын!

6. Сыр-крем «Маскарпоне»
– 200 гр сүзбе (творог)
– 200 мл кілегей(сливки)
Сүзбені ситодан өткізіп, майдалаймыз. Оған суық кілегейді құямыз. Миксермен крем шыққанға дейін жақсылап араластырамыз. Дайын!

7. Қайнатылған крем
– 2 жұмыртқа
– 200 гр қант
– ванилин
– 300 мл сүт
– 2 шай қасық еріген сары май
– 2 шай қасық ұн
Кастрюлде ұн мен жұмыртқаны шайқаймыз.
Басқа кастрюлде сүт пен қантты әрдайым араластырып тұрып қайнатамыз.
Сүтті жұмыртқа қоспасына құйып, қасықпен араластырамыз.
Шыққан кремді баяу отқа қойып, қою болғанға дейін араластырып тұрған күйде ұстаймыз. Тек қайнап кетуіне жол бермеңіз.
Кремді оттан түсіріп, ванилин мен Сары майды қосып, жақсылап араластырамыз. Тез суытуға тырысыңыз. Мұзға немесе суық суға салу керек. Дайын!

8. Бесминуттык крем
– 250 гр сары май
– 200 гр қант пудрасы
– 100 мл сүт
– ванилин
Сүтті қайнатып, шамамен 36-38 градуска дейін суытамыз. Барлық қажетті заттарды араластырып, крем шыққанға дейін шайқаймыз. (Кремді миксермен, болмаса қолмен шайканыз. Басқа нәрсемен шайқаманыз.) Дайын!

Асыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика