Ветчина қосылған кобб-салаты

Жылдам жасалатын 5 мерекелік салат

 

Ветчина қосылған кобб танымал америкалық салаттың өзгертілген түрі. Тағамның сөзсіз артықшылығы – оның құрамында алдын ала өңдеуді талап етпейтін көптеген дәмді өнімдері бар.

Ветчина қосылған кобб-салатын әзірлеу үшін бізге 400 г ветчина, 9 черри қызанағы, 1 стақан көк ірімшік, 2 авокадо, 4 жұмыртқа, 1 бас сүтшөп салаты керек. Ал тұздығын дайындауға ½ стақан ақ бальзамды сірке суы, 2 түйір сарымсақ, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық қара бұрыш, ½ стақан зәйтүн майы керек болады.

Дайындалуы

1. Жұмыртқаны суға қайнатып, пісіріңіз алыңыз. Осы уақытта ветчина мен тазаланған авокадоны текше, яғни төртбұрыш етіп турап, қызанақтарды екіге бөліп, ірімшікті ұсақтаңыз. Содан кейін қатты піскен жұмыртқаны суытып, төртке бөліңіз.

2. Жалпақ тәрелкеге салат жапырақтарын қойып шығыңыз. Содан кейін оның үстіне ірімшік, жұмыртқа, авокадо, ветчина, қызанақ, жұмыртқа және ірімшікті ретімен қойыңыз.

3. Тұздығын дайындаңыз. Ол үшін туралған сарымсақ пен тұзды және бұрышты сірке суына араластырыңыз. Сосын оған зәйтүн майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Тұздықты салаттан бөлек беру керек, себебі тұздықты салатты жейтін кезде қосады.

Яндекс.Метрика