Өзбекше палау

Ол үшін:
▫1-кг морковь
▫2-3 бас пияз
▫1-кг күріш
▫Пісте майы шамалап
▫250-300 гр қой еті
▫Тұз
▫Зіре дәм беруші бояу

Алдымен қазанға май құйып қыздырып, етті турап саламыз. Жақсылап қуырып болған соң, үстіне пияз саламыз. Оны да жақсылап қуырып, ендң сәбізді салып қуырамыз. Біраздан кейін үстіне су құямыз. Орташа отта бұрқылдатып қайнатамыз. Күрішімізді жуып, суға салып жібітіп қоямыз. Қазанға тұзымызды салып, дәміне қараймыз. Күрішімізді салып бетіне зіре бояуымызды саламыз да суы тартылған соң, демдеуге көшеміз. Демдер кезде аздап су құямыз. От орташа болуы тиіс. 15-20 минутта асымыз дайын болады.

Міне, бұл нағыз өзбек палауының пісірілуі. Ескерту: пісте май көп болса палау майлы әрі дәмді болады. Асыңыз дәмді болсын!

spot_img

Қызықты

Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)

Жүкті әйелдердің барлығы қосымша дәрумендерді пайдалану керек пе? Егер аяғы...

Пеште піскен ет

Қажет азық-түліктер тізімі: - кілегей маргарині; - 700 г картоп; - 7-8...

Бесік жыры (Келіншектің бесік жыры)

Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып...

Дайын жаймадан көже

200 гр шамасында ет бір пияз бір сәбіз ...

«Сәттілік» бәліші

Керекті тағамдар: 5 жұмыртқа 2 стакан сүт 1 стакан қаймақ 2,3 стакан ұн 200...