Алдын-ала егу

Бала – ата-анасының зор қуанышы, баға жетпес байлығы, оның болашағы. Сондықтан кім де болса өз болашағын мәпелеп, аялап, жақсы азамат етіп өсіруге тырысады. Дені сау болып, ешқандай дертке ұшырамаса деп тілейді. Бірақ дерттен сақтау, ақыл-есі дұрыс, мықты, қабілетті, білімді етіп өсірудің жолы бір басқа. Кейбір ата-аналар сондай тілек тілеумен ғана шектеліп, сөзден нақтылы іске баспайды. Ал нақтылы іс қашан да өз жемісін береді. Бір рет қателестіңіз екен, соңынан өкініші қатты болады. Оған сәбидің ата-анасы тікелей жауапты. Себебі, олар балаларын «құрөзек» (қырылдауық) ауруына қарсы алдын ала ектірмеген болып шығады, екіншіден, баласы ауырған күні дәрігерге көрсетпей дертті меңдетіп алған болады.

«Құрөзек» (қырылдауық) – өте қауіпті ауру. Ол әсіресе нәзік, жас сәби ағзасын тез әлсіретеді. Одан қорғанудың алғы шарты – алдын ала егу. Одан адам денесінде иммунитет пайда болады да, ол ағзаны дертпен күресуге әзірлейді. «Құрөзекке» қарсы баланы 5-6 айлығынан бастап егу керек. Егер бұдан 3-4 ай кешігіп егілсе, бала денесіндегі иммунитет әлсіз болады не ұзаққа бармайды. Кеш егілсе, бала ауыра қалған күнде дертті қиналып көтереді. Бала денесінде иммуниттетің жақсы сақталуы үшін балаға әрбір 30-40 күннен кейін 3 рет егу керек. Сонда ғана балаға дұрыс егілген болып есептеледі. Міне, сол үш рет егу аяқталғаннан кейін 1,5-2 жасында бір рет, 6-11 жасында бір рет егіледі.
Егу жұмысы дәрігерлердің бақылуымен тек арнайы емдеу орындарында ғана жүргізіледі. Дер кезінде құрөзекке қарсы егу – бала денсаулығы үшін аса маңызды дәрігерлік шара екенін ұмытпаңыздар!
Көп жағдайда бала саулығы – өз қолыңызда.

Сәбиіңіздің дәрігерімен (педиатрмен) тығыз байланыста болыңыз. Қандай да бір сұрақ туындап жатса, ақыл-кеңес алыңыз, әйтпесе өздігіңізден істеген әрекеттеріңіздің соңы өкінішке соқтырады.

Яндекс.Метрика