Атопиялық дерматит кезінде не істеу керек?

Аурудың қандай сатысында қандай дәрілік затты қолдануға болатыны туралы ойлап көрдіңіз ба?
Мазь? Крем? Эмульсия? Лосьон? өршу кезінде не қолданасыз?

1. Крем- теріге терең кірмейді, терінің беткі жағында қалады- жедел сатысында қолданады.

2. Мазь- тері қатты құрғақ, қабыршақты, қалыңдап және созылмалы сатыға өтіп кетсе қолданады.

3. Егер тері суланып тұрса және ол денесінде, басының шаш бөлігінде болса онда эмульсия/лосьон/ерітінді алған дұрыс. Болмаса онда крем қолдануға болады.

✓МАҢЫЗДЫ:
▪️1. Бет, мойын бөлігіне крем жағылады (ең нәзік зона).
▪️2. Денесі мен аяқ- қолдарына құрамында гормоны бар мазь болсын крем болсын, жаға беруге болады.
▪️3. Шашты бөлігіне эмульсия/лосьон қолданған дұрыс.

✓АД кезінде жуындырып болғаннан кейін:
▪️Душ, ваннаға түсіп болғанынан кейін, бастапқы 3 мин ішінде эмоллиент жағу керек, 10-15 мин кейін барып емдік гормональды крем жақса болады.
▪️егер мазь тағайындалса, денені сулағаннан кейін зақымдалған жерге жағамыз, барлық денесіне эмоллиент, сосын мазь жағып болған соң 10-15 мин кейін, эмоллиентті зақымдалған жерге жағамыз. Схема мазь зақымдалған жерге -эмоллиент денесіне – эмоллиент зақымдалған жерге.

Яндекс.Метрика