Мен дерматолог емеспін, алайда сіздермен білетінім туралы және қосымша оқыған ақпаратпен бөлісейін. АД, ксероз кезінде суға түсуге болады.
Әрине егер теріде екіншілік инфекция қосылса, теріде сары қабыршақ болып, суланып тұрса, уақытша суға түсірмеген дұрыс.
* Негізі суға түсіру арқылы теріні таза, екіншілік инфекцияның қосылуын алдын аласыз.
* Су жылы болу керек, бала үшін қолайлы ыссы емес, ұзақтығы 5-10 минут.
* Егер суға фильтр қоятын жағдайыңыз болса, жақсы болар еді. Ол 100% жағдайын жақсартпайды, алайда терісіне пайдалы болады.
⠀
Ал, енді жуындыруға келсек, душ, ванна қабылдар кезінде, арнайы теріні жұмсартатын және тазартатын заттарды пайдаланған жөн. Қарапайым сабын теріні әсіресе ксероз (терінің өте құрғақ болуы) кезінде құрғатып жібереді, ол одан сайын құрғап, қышып есі кетеді.
✔️Қандай зат таңдаймыз
1️⃣Сіздің күнделікті теріні жұмсартатын (эмолиент) затты пайдалануға болады, алдымен жылы сумен араластырып денеге жағасыз (пена сияқты қолдануға болады).
2️⃣Эмолиентті қарапайым сабын сияқты қолдануға болады (иә, қолыңызға сығып сабын сияқты жағып жуып жібересіз).
3️⃣Арнайы баланы жуу арналған зат алсаңыз болады.
Егер сіз 1 немесе 2 пункт таңдасаңыз, жуыныдырып болған соң, 3 минут ішінде эмолиентпен теріні ылғалдандырамыз.
Эмолиент деген не? Ол зақымдалған, құрғақ теріні қайта қалпына келтіруге арналған арнайы ылғалдандыратын және жұмсартатын зат.
Оны нәрестелерге де, ересектерге де қолдануға болады. Олар тез арада өте сезімтал теріні тыныштандырады.
Қай кезде тағайындалады:
?атопиялықдерматит
?экземаның барлық түрі
?псориаз
?ихтиоз
?тері ксерозы (құрғақ тері)
Неге эмолент? Себебі ол терінің қорғаныш қабілетін жақсартады, тері берьерін қалыпқа келтіреді,әртүрлі зиянды факторларға қарсы тұру қабілетін жақсартады (хлорлы су, қатты су, әртүрлі химия, терлеу, құрғақ ауа, порошок) және қабынуға қарсы әсері жақсы. Әсіресе АД, псориаз, ихтиоз дегенге өте жақсы, себебі олардың негізінде генетикалық тұрғыда тері берьерінің әлсіздігінен болады. Оны міндетті түрде қалыпқа келтіру керек.