Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Жаңадан туылған сәбидің төменгі жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегіне қарағанда 1,5 см-ге қысқа болып келеді. Анасының омырауынан жарты жылға жуық сүт емген баланың төменгі жақ сүйегі жылдамырақ өсіп, жоғарғы жақ сүйекпен теңеседі.

Емшектен сүт ему — жас нәрестенің жалғыз ғана табиғи тамақтану әдісі. Ол процес барысында (сүт сору кезінде) тіл бұлшық еті,  ауыз қуысындағы бұлшық еттер мен мимикалық бұлшық еттер (бет б/е) қозғалысқа түседі, әрекет етеді. Аталған бұлшық еттерге көп күш түседі. Соның көмегімен нәрестенің төменгі жақ сүйегі өседі. Екі жақ сүйегі теңескенде жас сәбилерде ауызбен шайнау қабілеті дұрыс қалыптасады.

Бөтелкемен сүт ему дегеніміз ешкімге жат емес әрекет деуге болады. Алайда бөтелкедегі сүтті емізік (соска) арқылы ему емшектен сүт сорып ішу сияқты ауыз бұлшық еттерін дамытпайды. Өйткені, анасының омырауындағы сүтті қажетті мөлшерде сору үшін нәресте ауыз қуысы мен тіл бұлшық еттерін көп қозғалтуы керек. Ал бөтелкедегі сүтті емізік арқылы сорғанда нәрестенің ауыз қуысындағы бұлшық еттері қажетті деңгейде қозғалысқа түсіп, күш түсіп «шаршамайды». Қозғалмаған бұлшық еттер төменгі жақ сүйекті әдеттегі мерзімнен кешіктіріп өсіреді.

Түрлі жағдайларға байланысты нәресте емшектен шығып жатады. Ондай жағдайда бөтелкемен емізуді екі жасқа дейін ғана жалғастыру керек деген айтады педиатр мамандар.

 

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Мастит және оның алдын алу

Баланы емшектен шығару

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Анасының емшек сүтін емген ер баланың ақыл-ойы жақсы дамиды

Comments 1

  • Саламатсыздарма. Менин билгим келгени менин балам казир 4 жаста, бир жас сегиз айга дейин емди.ал казир тамакты шайнауы дурыс емес жане сойлемейди. Мама папа деген создер айтады, невралогиялык жактан есепте бармыз. Сиз калай ойлайсыз сойлеуине не кедерги келуи мумкин. Ягни мен тсгы баламнын сойлеп кетуине калай клмектесе аламын,акыл кенестеринизди беринизши отиниш сиздерден

Яндекс.Метрика