Кейде шынтақ терісінің қатты əрі құрғақ болатынын байқадыңыз ба? Оған тіпті қосымша ылғалдандыру мен қосымша көңіл бөлу керек болады. Бұл симптом-өте маңызды, оны назарсыз қалдыруға болмайды.
Шындап келгенде, шынтақ терісінің басқа теріден айырмашылығы болмауы керек. Ол басқа жерлер секілді ылғалдандырылған болуы керек.
Кейде шынтақтағы дөрекі тері – эпидермис-гиперкератоздың қабықшасының өсуін көрсетеді. Бұл көбінесе дұрыс емес өмір салтын ұстанатын жəне бірнеше сағат бойы үстел басында отыратын адамдарда кездеседі (мысалы, кеңсе қызметкерлері).
Шынтақтағы құрғақ тері тағы қандай ауруларды көрсетуі мүмкін:
1. Атопиялық дерматит
2. Аллергиялық реакция
3. Вазомоторлы ринит
4. Эндокриндік бұзылулар (гипотиреоз)
5. Темір тапшылығы анемиясы
6. А, Е, D3, B1, B2, B3 және B6 дәрумендерінің тапшылығы
7. Псориаз
8. Экзема
9. Гипертония
10. Артроз
Кейде шынтақтың құрғақ пигментті терісі 2 типті қант диабетін көрсетеді. Егер сізді осы симптом алаңдатса, терапевт, дерматолог және эндокринологпен кеңескеніңіз жөн.
Маманға барумен қоса арнайы тері күтімі зияндық тигізбейді:
• Әмбебап ылғалдандырғышты шынтақтың тазартылған терісіне жағыңыз;
• Жуыну үшін сабынды қолданбаңыз, ылғалдандырғыштарды қолданған дұрыс;
• Аптасына бір рет пиллинг жасаңыз, скраб бөлшектері бар душ гельін қолдануға болады;
• Теріні тым қатты ысқыламаңыз, өнімді ақырын сүртіңіз;
• Табиғи матадан тігілген киімдер киіңіз.