Жаңа туған нәрестеге киім таңдауда мұқият болыңыз

Әдетте жаңа туған нәрестеге 56 см өлшемде киім алады.Алайда,кішкентай денелі сәби немесе шала туылған сәбилер үшін 47-50 см биіктіктегі киімдер ала аласыз.Бірақ,тым кішкентай киімдерді көптеп алмай,баланың өсуіне қарай ай сайын алып отырған жөн болады.
Сәбиге киім аларда оның сыртқы түріне ғана емес сапасына және тігісіне аса мән беріңіз.Сәбиіңізге бұл киім ыңғайлы боладыма ма,еш жерін қыспайды ма мұқият қарап шыққаныңыз жөн.
Және де баланы құндақтап орамайтын болсаңыз да сәбиге жаялықтар алыңыз.Жаялық әмбебап,оны төсеніш қылып қолдансаңыз да,баланың үстіне жапқыш қылсаңыз да кез-келген жағдайға қолдана бересіз,артықтық етпейді.
Сәбидің киімін міндетті түрде үтіктеп кигізіңіз,үтік киімдегі микробтарды жояды.
Ең бастысы балаңыздың киімі таза,үтіктелген,ыңғайлы,тігісі сыртқа қарап тігілген киімдер болсын.Баланың денсаулығына киімі тікелей әсер етеді,сәбиіңізге киім таңдауда өте мұқият болғаныңыз жөн

Яндекс.Метрика