Аутоагрессия

 

Бала өзін-өзі лақтырып құлайтын болса, басын қабырғаға ұратын болса немесе тырнағын тістеу, өзін жарақаттау(әдейі), ерінін тістеу, өзін балағаттау, тамақ ішуден бас тарту, отбасы мүшелерімен сөйлесуден бас тарту т.б. мұндай жағымсыз мінез-құлық пен іс-әрекет аутоагрессия болуы мүмкін.
Аутоагрессия – агрессивті мінез-құлықтың әртүрлілігі, адамның өшпенділік әрекеті, өз-өзіне бағытталган жағдай. Кейде өз-өзін кемсіту түрінде байқалады. Қандайда бір жағдайлармен әсер еткен, агрессияның пайда болуына себепкер болған адамға(тітіркендіруші факторға) бағыттай алмайтын болғандықтан, өзіне-өзі бағыттауы.

Аутоагрессияның пайда болуына бейім баланың жеке қасиеттері негізінен төмендегідей.
– ұяңдық;
– өзін-өзі төмен бағалау(самооценкасының төмендігі);
– өз денесіне көңілі толмау;
-қоршаған ортасына шектен тыс сенім, басқа адамдарды сыйлауда сол адамдардың сезіміне шектен тыс берілу;
– жаны жараланғыш, құбылмалы көңіл күй;
Баладағы аутоагрессияның пайда болуының негізі себебі – отбасындағы қарым-қатынас.

Мынаны есте сақтау маңызды көп жағдайда балалар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталайды.
Егер аутоагрессия ата-анасында болса, онда баласында да болады.

Кейде ұрыс-керістен кейін әкесі немесе анасы тамақ ішуден бас тартуы мүмкін. Өзін жазғыруы немесе жазалауы мүмкін немесе отбасы мүшелерімен сөйлеспей қоюы мүмкін.

Ата-аналарға ересек болу қажет. Шиеленісті(конфликт) жағдайда ата-аналар баламен қарым-қатынас жасай білуі қажет. Яғни, жанжалдастық екен деп балаға сөйлемей қоюға болмайды. Егер ұрыс-керіс баланың көз алдында болса ата-ана бір-бірімен татуласқанда да баланың көзінше жасау қажет. ✅ Ата-ананың жиі ұрыс керісінің себебінен балада дәрменсіздік сезімі пайда болады. Қорқыныш, өзін кінәлі сезіну(әкесін немесе анасын қорғай алмайтындығына өзін кінәлімін деп ойлау), өз эмоциясын көрсете алмау.

✅Балаға ата-ананың сүйіспеншілігі мен уақыт бөлуі, көңіл бөлуі жеткіліксіз болғанда, бала өзін жарақаттау арқылы алаңдаған ата-ананың қамқорлығы мен көңіліне қол жеткізеді. Бір сөзбен айтқанда(мүмкін бейсаналы түрде) манипуляция жасау арқылы.

Қызықты

Жаңа туылған сәбилерді вакциналау

Ауруханада жаңа туған нәрестеге екі вакцинация беріледі. Өмірдің алғашқы...

Духовкада пісірілген жаркое

Қажетті заттар: 500 гр ет 1 кг картоп 2 пияз 1 сәбіз қара бұрыш тұз өсімдік...

Етпен кеспе

Керек заттар: тартылған ет (адам санына карай) пияз 2 дана сәбіз 1...

Балалардағы қызылша: симптомдары мен емдеу жолдары

Қызылша - бұл жұқпалы ауру. Ересектерде  қиын, ал балаларда...

Балалар офтальмологында алғашқы қабылдау

Қазанның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Дүниежүзілік...