Көптеген аналардан бала не себепті өтірік айтады? Осы тақырыпты жазыңызшы деген өтініштер көптеп келіп жатады. Сол өтініштерді орындаудың бүгін сәті түсті.

Бала мына жағдайда өтірік айтады:
Өзін жақсы жағынан көрсету үшін;
—  Өзіне деген ортаның мол сенімін иелену үшін;
— Ыңғайсыз жағдайға тап болудан қорыққанда;
— Ата-анасының жазалауынан қорыққанда;
— Ұялғанда;
— Қалағанына қол жеткізу үшін немесе ұнатқан нәрсесін алу үшін;
— Баланың өзі жақсы көретін досын қорғау үшін;
— Үлкендердің мақтауына ие болу үшін;
— Ата-анаға ұнау үшін;

— Өзінікі «дұрыс екенін» ұқтыру үшін.

Баланың өті­рік­ке құмар, сылтауға бейім болып келе жатқанын байқаған сәттен бастап оның алдын алған жөн болады. Ата-аналар баланың неліктен өтірік айтатынын жете түсініп бақылау керек

Белгілі бала психологиясын зерттеу­ші-ғалым Пол Коулмен үлкендер аптасына 30 рет өтірік айтатынын және сол адамдардың баласы да өтірікке ұмтылып оты­ратынын тұжырымдады. .
Баланың үлкендерге өтірік айтуы, көбінесе ол балаға ата-ана тарапынан жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндіктен.
Естеріңізде болсын! Егер балаңыз өтірік айта бастаса, оның ішкі жан-дүниесінде қандай да бір проблема болғаны.

Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан дүниесіне үңілмейді, тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды. Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді, бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады. Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға, алдауға итермелейді. .
Бала ересектердің көңілінен шығу үшін және өзін қорғау үшін, тығырықтан шығу үшін де жалған сөйлеуге барады. .
Мұндай нәрсе ой-қиялы бай, яғни ойынан «шындық» құрастырып шығарғысы келетін балаларда да көп кездеседі.

Әдетте, ата-ананың балаға деген немқұрайлығы, салқынқандылығы теріс мінездердің қалыптасуына әкеліп соқтырады. .
Өмірде алаяқтар, бетімен кеткен жүгенсіздер, қылмыскерлер қайдан шығады? Олардың тағдыр жолдарын талдап қарағанда балалық шағы дұрыс қалыптаспағаны белгілі болған.

Әсіресе, баланың 4-5 жасындағы қылықтарына мән берген абзал. Көптеген ата-аналар бұған балалық деп қарайды. .