Бала тәрбиесі туралы қарапайым шындық

 

Бала психологиясы туралы бірнеше кітап жазған Ресейдің мықты психологтарының бірі Ю.Б.Гиппенейтер.
Оның кітаптарындағы құнды кеңестерден үзінді.

– Баланың тыңдамау себебі-біреу ақ, ол сіздің баламен қарым-қатынасыңыздың дұрыс еместігінен. Яғни, баламен қарым-қатынас жасауда қателіктер жібересіз деген сөз.
– «Қиын бала», «бұзық», «тыңдамайтын» балалар «тұйық», «комплексті», «бақытсыз» балалармен бірдей – әрқашан отбасында дұрыс құрылмаған қарым-қатынастың нәтижесі.
– Баланы шартсыз қабылдау. Яғни баланы жақсы оқығаны үшін, ақылды, алғыр, дарынды, сүйкімді т.с.с болғаны үшін емес , жай ғана оның бар болғаны үшін жақсы көру.

– Баланы ұрысқан сайын, ол одан бетер жаман бола бастайды. Неге бұлай болады? Себебі, бала тәрбиесі бұл- күштеп үйрету емес. Ата-ана баладан шартты ресурс жасаушы болмауы керек.

 

✔ Балаға жиі ашуланса, сілкінсе, оны сынап-мінесе, жиі жазғырса, онда бала «Мені жақсы көрмейді» деген ойдың шырмауына тез түседі.

✔ Осы жерде орайы келіп тұрғанда өз тарапымнан айта кетейін, егер, тәрбиеші немесе мұғалім оқушыны жиі жазғырса, үнемі баланың минус жақтарына(оқу жылдамдығы, жазуы немесе қабілетіне т.с.с) жиі ескерту жасаса, сынап-мінесе онда баланың самооценкасы түсіп, «Менің қолымнан түк келмейді» деген ойдың шырмауына тез түседі. Ал, самооценкасы төмен бала барлық жағынан төмен болатынын белгілі.

✔Дисциплина жақсы қарым-қатынас құрғанға дейін емес, құрғаннан кейін және олардың шеңберінде болу керек.

✔Егер ол көмек сұрамаса, баланың айналысып жатқан шаруасына араласпаңыз. Өзіздің араласпағаныңызбен сіз оған » Сенде бәрі жақсы», » Сен, әрине жасай аласың!, «Сенің қолыңнан бәрі келеді» дегенді айттыңыз деген сөз.

✔Егер ол өзі шеше алмайтын қиын жағдайға тап болса, онда «араласпау» позициясы жарамайды, ол жақсылық әкелмейді.

✔Егер балаға қиын болса және ол сіздің көмегіңізді қабылдауға дайын болса, онда міндетті түрде көмектесіңіз. Бұл жерде бала істей алмайтын ісіне ғана көмек қолын созыңыз, қалған қолынан келетін ісін өзіне қалдырыңыз.

Яндекс.Метрика