Балаңыз сізге қарсы сөйлесе…

 

  • СҰРАҚ:▶ Балаңыз сізге қарсы сөйлей ма?
    ▶Тыңдамай ма?
    ▶Бұзықтық жасай ма?
    ▶Қырсық мінез көрсете ме?

    ЖАУАП біреу ғана:

    ▶Ата-ана мен бала арасында ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫҢ жоқтығы.
    .
    (Егер балада жүйке жүйесі жеткіліксіздігі болса да жоғарыдағыдай мінездер көрсетуі әбден мүмкін)

Бала – «бұзық» емес, «қырсық» емес, «қарсы сөйлеу», «тыңдамау» бұл оның әрекеті ғана…

Байқап қарасаңыз, баланың бәрі бірдей. Қабілет-қарымымен бір-бірінен аздап ерекшеленгенімен, бәрі де тәттіні жақсы көреді, ойыншықтарды ұнатады. Бір-бірімен таласады-тартысады. Сырт көзге кейбірі ерекше белсенділігімен немесе көңіл-күйін жасырмай ашық білдіруімен көрінеді. .
Баланың қиқарлығы – ата-анасына берілген белгі.

Бұл маңызды, есте сақтаңыз Баланың қандай да болмасын, іс-әрекеті – оның өзінде, жан дүниесінде не болып жатқанын көрсетудің, білдіру мен байқатудың әдісі.

Тіпті, оның бойында болып жатқан проблеманы да осы әрекеттерінен байқауға болады.

Мысалы, бала түрлі себептермен ата-анасының айтқанына құлақ аспауы мүмкін. Оның біріншісі – бала мен ата-ананың арасының жеткілікті дәрежеде жақын болмауы. Эмоционалдық жақындықтың жоқтығы.

Бала өзінің сондай бір оғаш әрекеттерімен ғана өзіне назар аударта алатынын кішкентайынан түсінген болуы ықтимал.

Ата-анасы үшін «бұзықтық» болып саналатын әрбір әрекеттерінің өзін бала белгілі бір мақсатпен жасайды.

Мысалы, анасы жұмысбасты болса, ол жұмыстан келгенде де шаршап тұрып:

«Балам, сәл тыныш ойнай тұршы мен тынығып алайын немесе ас дайындайын, кір жуайын», – дейді. Ондай сәтте анасы үшін баласының тыныш отырғаны мен мазаламағаны ғана маңызды, қалғанын ойлап жатуға да мұрша жоқ. Оған бала құлақ аса ма? Ол да кешке дейін ата-анасын сарыла күтті емес пе? Ол не істейді? Анасын айналшықтайды, аяғына оралады өзіне назар аударту үшін әртүрлі әрекеттер жасауы мүмкін. Кейде себепсіз жылауы да мүмкін, (жүгіреді, секіреді, шашады, бояйды) .
Ал қонақ келгенде ше? Бала тым еркінсіп кете ме? Себебі, бала өзіне ата-анасының дауыс көтере бермейтінін, қонақ алдында ұялмас үшін қалауын орындайтынын да біледі.

Жәй күні бала өзіне жетпеген ықыласты көпшілік бар жерде алғысы келеді.

@bala_psihologiasi

spot_img

Қызықты

Орамжапырақты салат

Құрамы: орамжапырақ; 2 қияр; консервілі жүгері 100 грамм 50-80 грамм қаймақ; көкшөп; тұз. Дайындау жолы: Орамжапырақ, қиярды...

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі қандай болуы керек?

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары...

Жүктілік кезіндегі тіс саулығы

Тұқым қуалайтын факторлар негізінен туылмаған баланың денсаулығына айтарлықтай әсер...

Түрік тәттісі Пахлава

Құрамы: ? Ұн – 500г ?дрожь– 1/2шәй қасық ? Жұмыртқа – 1дана ?...