Балалық қызғаныш қалай болады?

Бұл жерде сіздің немесе күйеуіңіздің қызғанышы емес, балаңыздың қызғанышы туралы айтатын боламыз.

Отбасына екінші бала дүниеге келген үйге бақыт, қуанышпен қатар, үлкен балаңыздың қызғанышы мен стресске тап боласыздар.

Балалық қызғаныш- ол қалыпты адаптациялық процесс, үлкен балаңыз жаңа келген балаға бейімделу керек. 90% балаларда қызғаныш сезімі болады.

Маңызды нәрсе ол сол қызғаныштың қаншалықты айқын болуында. Өте көп нәрсе отбасының үлкен баласын үйге екінші баланың келетінін айтып, дайындауында

Дәрілік затпен балалық қызғанышы басуға болмайды.

Тек екі жақты ата-анасының махаббаты мен іс қимылын жөндеу жұмыстары жүргені дұрыс.

✔️Балалық қызғанышы бәсеңдететін, жұмсартатын жағдайлар:
✓баланың ішкі жан – дүриесін түсіну үшін өзіңізді оның орнына қойып қараңыз.
✓егер балаларыңыздың арасы жақын болса, балаңыз дүниеге келгеннен кейін бала- бақшаға бермеңіз, онв сіз алдын ала ойластырып қойғаныңыз жөн.
✓басқа бөлмеге немесе бөлек кроватьқа жатқызу да дұрыс емес, өзі и так оған аз көңіл бөлетіндіктен стресс алып жүрген бала.
✓МІНДЕТТІ ТҮРДЕ  үлкен балаңызбен жеке 30мин немесе 1 сағ бірге ойнаңыз, оған көңіл бөліңіз.
✓көбірек құшақтап, сүйіп тұрыңыз.

Сонымен қатар, байқасаңыздар балаңыздың дамуы артқа тарта бастайды, олар: жиі қолға көтер деп, себепсіз жылап, соска сұрауы да мүмкін. Ол қалыпты жағдай. Керісінше сіз оның жасын және жетістіктерін мақтап- мадақатап, үлкен болғаны қандай жақсы екендігін жеткіздіре білгеніңіз дұрыс.

Яндекс.Метрика