Иммунитет үшін режимнің алатын орны

Бәріңіз бірнеше рет оқыдыңыздар иммунитет жақсы бол үшін режим яғни күн тәртібі дұрыс болу керек дегенді.

Режим деген не? – баланың физиологиялық қажеттілігіне қарай, уақыты және реттілігі жағынан дұрыс жүруі. Яғни, ҰЙҚЫ- ТАМАҚТАНУ- ОЯУ ЖҮРЕТІН УАҚЫТЫ.

Баланың күн тәртібінің дұрыс болуы, жүйке жүйесінің зорығуынан, қалыпты психикалық және физикалық дамуына жағдай жасайды.

Күн тәртібі ол балаңыздың ең бірінші әдеттерінің бірі және ол әрі қарай басқа да әдеттердің туындауына ықпалын тигізеді.

ОЯУ ЖҮРЕТІН УАҚЫТЫ
Оған не әсер етеді: Күні бойына алатын ақпарат, эмоция, Баланың белсенділігі, ұйқының ұзақтығына және бала жасына байланысты.

Ояу жүретін уақытында балада жүйелі түрде, бір істен басқа іске ауысу маңызды орын алады. Себебі, бала тек бір нәрсемен айналыса берсе тез шаршап жалығады.

Ең дұрысы, ақыл- ой ойынын физикалық және қуаныш сыйлайтын эмоциялармен, ойынмен алмастырған дұрыс. Мысалы, 10минут пластилинмен ойнап, 10 мин доп теуіп жүгіреді, 10мин сіз балаңызды күлдіртіп ойнайсыз.

ҰЙҚЫ
Миы ол кезде ұйқыға кетпейді, керісінше ол күні бойы қабылдаған ақпаратты өңдеп, ал жойылған энергияны толтырады.

Ұйқы кезінде 2 фаза ауысып тұрады: терең және беткей болып.
Көптеген аналар балам ұзақ ұйықтамайды (40 мин ғана) деп жатады. Беткей ұйқының себептері: ұйықтар алдында зорығу, өте ұзақ ояу жүру, баланың стресс жағдайында болуы, ұзақ физикалық жүктеменің болуы, ұйықтар алдында тойып тамақ жесе, Д вит тапшылығы, тұрақталмаған күнтәртібі, т.б.
Ұйқы мен ояу жүретін уақыттың алмасып тұруы, психикасының дұрыс дамып қалыптасуына әсер етеді.
Осы процесстер дұрыс алмасу арқылы терең ұйқы қалыптасады, ол өз алдына белсенділігінің сапалы болуына әкеледі.

Ең бастысы, айтқым келетіні бала ұзақ ояу ж үре алмайды. Ұзақ жүру зорығуға әкеледі, одан бала әрең ұйықтап, мазасызданады.
✔️Жаңа туған бала 30-60 мин ояу бола алады
✔️3 айға қарай 1- 1, 5 сағ
✔️ 6 айға қарай 1, 5 сағ
✔️9 айға қарай 2 сағ
✔️1 ж қарай балада 1 немесе 2 күндізгі ұйқы қалады.

Ең бастысы балада қажетті тәуліктік ұйқысы (12-13, 5 сағ) және көңілді, белсенді болса болғаны.

 

Дереккөз: Доктор Бекмұратқызы

Яндекс.Метрика