Мультипликациялық фильмдер көңіл көтерерлік қана емес, сонымен бірге, балаларға арналған тәрбиелеуші және жаттықтырушы сипаттағы материал болып табылады.
Жаңа мультфильмдерді таңдағанда кейбір маңызды мәселелерді де ұмытпай, мұқият болу керек.
- Мектеп жасындағы балаларға теледидар алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды. Сондықтан мультипликациялық фильмдер қысқа сериялардан тұрса, (ұзақтығы 4-5 минут) керемет болар еді.
- Көзіне артық салмақ түсірмеу үшін суреттері анық болу керек.
- Алғашқы мультипликациялық фильмдердің сюжеті қарапайым болсын. Ал ертегі кейіпкерлерінің әрекеттер уәжі жас көрерменге түсінікті болу керек.
- Экранда көрсетілгендердің барлығы адамгершілік сипатта (жақсылық) болу қажет. Баланың психикасына кері әсер ететін агрессиялы мазмұнда болмасын.
- Дамытушы мазмұндағы материалдардың рөлі екі есе артық. Бала кейіпкердің қимылына мұқият назар салып отырады (достарымен сыпайы қарым-қатынаста болуды, түстерді ажырата білуді үйренеді).
- Әрекет етуші кейіпкерлерді шатастырмас үшін кейіпкерлер саны 5-6 кейіпкермен шектелу керек.
Жоғарыдағы талаптарды ескере келе, қазіргі мультфильдерді дүниеге келтіргенде аниматорлардың бұл талаптарды ескере бермейтіндіктері аңғарылады.
Арнайы кітап дүкендерінде дамытушы мазмұндағы материалдар көптеп сатылып жатыр (CD-диск түрінде). Оның кейіпкерлері арқылы балаңыз санауды, түстерді, геометриялық фигураларды ажырата білуді, музыкалық аспапта ойнауды үйренеді. Кейбір мамандықтармен, кейбір көлік түрлерімен танысады. Қиын сәттерде бір-біріне көмекке келіп отырады және мейірімді болуды үйренеді. Осы сипаттағы мультипликациялық фильмдер қатарына «Патрик және оның достары» (өте кішкентайларға арналған) жатады. Оның басты кейіпкерлері – жылы шырайлы Патрик атты ит, сүйкімді қонжықтар, көңілді аңдар, Ми-Ми атты кішкентай мысық, Вейн атты ұл мен Джулия атты қыз. Барлық кейіпкерлердің әрекеттері сәби санасына түсінікті.
Жаңа материалды бекіту үшін дискке қосымша суреттерін бояйтын үлкен көлемді кітап, магнит-ойыншықтар, қуыршақ театры салынған.
Нұрбану Омарова