Балаға мотивация керек

Балаңыздың болашақта шыңдарға шығып,биік белестерді бағындырғанын қаласаңыз оған күн сайын мотивациялық сөздер айтып отырыңыз.
Балаңызға еш уақытта сенің қолыңнан келмейді,қой істей алмайсың,бүлдіресің,тиіспе деген секілді сағын сындыратын сөздер айтпаңыз.Енді ғана өсіп келе жатырған,анасынан қолдау күтетін балаңызға бұл сөздер кері әсер етіп,бүкіл өміріне зияны тиюі мүмкін.
Керісінше балаға күнделік айту керек мотивациялық сөздермен бөлісейік:
-«Сенің қолыңнан келеді»бұл сөзді есіткен бала өзіне сенімді болып өсіп,болашақта тау қопаратын күшке ие болады
-«Мен саған сенемін»өзіне ата-анасы сенгенде солардың сенімін ақтау үшін барын салатын болады
-«Сен мықтысың»мықты екенін бойына сіңіре беріңіз,мықтылыққа еті үйренсін,еш қиындыққа қиналмай қарсы тұра алатын адам болып өседі
-«Сен ақылдысың»балаңызға ақылды десеңіз ақылды,ақымақ десеңіз ақымақ болып өседі,ақылды болғанын қалайсыз ба?Ендеше,ақылды екенін айтыңыз мақтаңыз бұл сөздерден бала шабыттанып қателік жасамауға тырысып бағатын болады
Әрқашан тек жақсы сөз айтып жүріңіз,ауыздан шыққан әрбір сөз балаңыздың тағдырына әсер етіп кетуі мүмкін,сөздің құдіреті өте күшті.Тіліңізге сақ болғаныңыз жөн
«Бастық боласың»,»Министірім менің»,»Президентім менің» деген секілді сөздермен еркелетсеңіз расымен де балаңыз сол биікке шығатын болады.Барлығы өзіңізге байланысты құрметті ата-ана

Яндекс.Метрика