Бала қиялын қалай оятамыз?

 

Қиялы ұшқыр балалардың өсе келе кез келген мәселенің креативті  әрі жылдам шешімін табатындығы және қойылған мақсатына түрлі жолдармен жетуге тырысатындығы дәлелденген. Бастысы, осы қиялдың 10 жасқа дейін ашылуына мүмкіндік беру керек. Балаға дайын суреттер берудің орнына оның ішкі дүниесімен жұмыс істеуге мүмкіндік берген жөн. Бала тек дайын нәрсені қолданушы емес, ойлампаз болсын.

Баланың зерігуіне мүмкіндік беріңіз. Ән, домбыра, менталды арифметика секілді түрлі үйірмелерге апару, одан кейін мультфильм көрсету – заманауи ата-ана баланың әр минутын жоспарлап қоюға тырысады. Әрине, ондағы ата-ананың ойы – баланың әр уақыт сайын жаңа дарынын ашу. Иә, балаға тәртіп керек, бірақ оның да өз шегі бар.

Балаға әр 10 минут сайын «тағы не істесең болады» деп, нұсқау жасамай, күн сайын баланың зерігуіне аз уақыт болсын қалдыру керек. Сол кезде баланың өзі қиялдап, тағы не істеуге болатындығын өзі ойлап, жанына жақын жаттығуды таңдайды. Тіпті, арасында баланың зеріккеннен өз-өзімен мысалы, жануар ойыншықтарды бір-бірімен сөйлестіріп, ойнағанының өзі бала қиялына көмегін тигізеді. Бала ойыншықтарынан шаршаса, үйдегі заттардан бірдеңе құрастыра бастайды. Ол да бала қиялын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Шығармашылыққа арналған заттарды көзге көрінбейтін жерге қоймаңыз. Кішкентай кезінен бастап бала өз сезімін түрлі қолдан жасалған заттар арқылы, соның ішінде, суретпен көрсетуге әдеттенеді. .
Тіпті, ең қарапайым шимақтың өзі, оның өлшемі мен түсі – ең жас отбасы мүшесінің эмоциялық жағдайын көрсететін қағаз. Балалар өздеріне жаңа пішін, реңк және олардың үйлесімін ашады, олардың зейінін тартатын бірдеңе салуға тырысады.

spot_img

Қызықты

Тефтели

Тефтели үшін: * Сиыр фаршы — 500 гр; * Күріш —...

Науқас сәбидің күтімі қандай болуы керек?

Науқас баланы қалай күту керек екенін әр ана жақсы...

Улану кезіндегі алғашқы көмек

  Сапасыз тамақ, балалардың қол жетімділігі шегінде абайсыз қалдырылған дәрі...

Бедеуліктің себебін қалай анықтайды?

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру...

Анар білезік салаты

Құрамы: картофель - 200 гр. сәбіз - 200 гр. қызылша - 200...