Бала мектептің бағдарламасын меңгере алмай жатса не істейміз?

Бала мектептің бағдарламасын меңгере алмай жатса әдетте біз не істейміз?

Баланы кінәлау, айғайлау, ұрып, ұрсып оқыту шешім емес екені белгілі. Көп жағдайда қосымша сабақ алуды ең басты дұрыс шешім деп білеміз.
Дегенмен біз бүгін мәселені басқа жағынан қарастырып көрмекшіміз.

Бұл саланы зерттеушілердің пікірінше баланың интелект мен тәрбиесінен тыс оның оқуына әсер ететін фактор денесіне түскен кез-келген ақпаратты ми бөліктерінің баяу немесе дұрыс қабылдамауынан болады. Яғни ми ақпараттарды қабылдауға дайын болмауы мүмкін. .
✓Бұл вестибулярлы типтегі бұзылыс( дене қозғалысы, көз қозғалысы, тепе-теңдік т.б )
✓Дисритимия ( ми қыртысының ритмге жауап беретін бөлігінің даму бұзылысы) Бұл доп ойнаудан бастап, жазуға, оқуға байланысты барлық жылдам істеу, қабылдау керек дүниелерде көрініс табады.
✓Көру-кеңістік алаңының бұзылуы. (Әдетте дислексик балаларда кездеседі. Мидың көрген әріптерін дұрыс қабылдай алмауы
✓Астеникалық бұзылыс ( миға оттегінің дұрыс бармауы) түрінде көрініс табуы мүмкін.

Яндекс.Метрика