КІТАП ОҚЫҒАНДАР ,
ТЕЛЕДИДАР КӨРГЕНДЕРДІ БАСҚАРАДЫ .
Б.ГЕЙТС
Осы цитатаны бұрындары оқығанымда , тек тура мағынада ғана түсінетінмін. Яғни кітап оқығандар ақылды , ал теледидар немесе компьютер көргендер босқа уақыт өткізеді мағынасында ғана .
Кейін МИ , скорочтение тақырыптарында ізденісте жүргенімде , кітаптың адам өмірінде пайдасы ұшан – теңіз екеніне көзім жетті.
Себебі, кітап оқыған адам , оқып отырған шығармасын елестетеді, көз алдына картина жасайды, бейнелі образдар құрап алады, бұл дегеніміз, мида нейрондардың байланыс құруына мүмкіндік туып , ми шынығады. ( Оқып отырғанда пейзаж суреттелсе, көз алдына тау – тас, сылдыраған бұлақ дауысы келеді, портрет суреттелсе, ойша кейіпкердің суретін салып аламыз, соғысып жатса, бейнелі түрде елестетеміз қан майданды т.б )
Ал, теледидар көргенде, адамға нақты картина береді де, ми ойланбайды , ештеңе құрастырмайды.
(Кейіпкерлер түрі көрініп тұрады, дауысы естіліп тұрады, қимыл -қозғалысын тек қана бақылаймыз. )
Себебі бәрі дайын. Ештеңе ойламаймыз. Ештеңе қорытпаймыз. Сондықтан адамдар кітап оқығаннан гөрі, теледидар немесе компьютер, телефон көруге құмар болады. Ал балалар тіптен жақын келеді.
Миды қозғалтқысы келмейді . Бұдан шығатын қорытынды, мидың шынығуына мүмкіндік өте аз немесе тіптен жоқ десе болады. Сол себепті креативті ойлай алатын немесе шығармашылықтың адамы болу екінің бірінен шыға бермейді.
Сондықтан ағайын, кітап – мидың досы екенін ұмытпайық!
Балаларға кітаппен дос болуға мүмкіндік жасайық! .