Балаларға кітаппен дос болуға мүмкіндік жасайық!

«КІТАП ОҚЫҒАНДАР ,
ТЕЛЕДИДАР КӨРГЕНДЕРДІ БАСҚАРАДЫ»

Б.ГЕЙТС

Осы цитатаны бұрындары оқығанымда , тек тура мағынада ғана түсінетінмін. Яғни кітап оқығандар ақылды , ал теледидар немесе компьютер көргендер босқа уақыт өткізеді мағынасында ғана .

Кейін МИ , скорочтение тақырыптарында ізденісте жүргенімде , кітаптың адам өмірінде пайдасы ұшан – теңіз екеніне көзім жетті.
Себебі, кітап оқыған адам , оқып отырған шығармасын елестетеді, көз алдына картина жасайды, бейнелі образдар құрап алады, бұл дегеніміз, мида нейрондардың байланыс құруына мүмкіндік туып , ми шынығады. ( Оқып отырғанда пейзаж суреттелсе, көз алдына тау – тас, сылдыраған бұлақ дауысы келеді, портрет суреттелсе, ойша кейіпкердің суретін салып аламыз, соғысып жатса, бейнелі түрде елестетеміз қан майданды т.б )

Ал, теледидар көргенде, адамға нақты картина береді де, ми ойланбайды , ештеңе құрастырмайды.
(Кейіпкерлер түрі көрініп тұрады, дауысы естіліп тұрады, қимыл -қозғалысын тек қана бақылаймыз. )
Себебі бәрі дайын. Ештеңе ойламаймыз. Ештеңе қорытпаймыз. Сондықтан адамдар кітап оқығаннан гөрі, теледидар немесе компьютер, телефон көруге құмар болады. Ал балалар тіптен жақын келеді.
Миды қозғалтқысы келмейді . Бұдан шығатын қорытынды, мидың шынығуына мүмкіндік өте аз немесе тіптен жоқ десе болады. Сол себепті креативті ойлай алатын немесе шығармашылықтың адамы болу екінің бірінен шыға бермейді.

Сондықтан ағайын, кітап – мидың досы екенін ұмытпайық!
Балаларға кітаппен дос болуға мүмкіндік жасайық!


Қызықты

Балалар миопиясы: офтальмологқа шұғыл қаралу қажет!

Бүгінгі күні миопия дертіне шалдығудың шыңы 9 жасқа келеді....

Шербет

Ол үшін бізге: 1 стақан арахис; 1 стақан сүт; 3,5 стақан қант; 80...

Тефтели

Тефтели Керекті заттар: Ет (фарш) 0,5кг күріш 100гр пияз тұз қара бұрыш жұмыртқа 1дана пияз 1дана сəбіз 1дана томат...

Балаларға дұрыс тіс тазалауды үйретеміз

Сіздің балаңыз тіс тазалаудың орнына, тек тіс пастасын жейді?...

Балаңыз ерке болса не істеу керек?

Көз алдыңызға мынандай жағдайды елестетіп көріңізші: сіз жұмысқа асығыс...