Кейде балаларда әртүрлі жағдайларға байланысты қобалжушылық(мазасыздық) болуы мүмкін. Мысалы: тест немесе бақылау жұмысы алдында, немесе сахнаға шығар алдында т.с.с ара-тұра қобалжу болса (жылына бір, екі рет) онда бұл қалыпты, ал егер жиі қайталанса онда бұл дұрыс емес. Баламен түзету жұмыстары жасалуы тиіс дегенді білдіреді.
Мазасыздықты түзету үшін баламен төмендегідей үш бағыттағы жұмыстар жасалынады.
1. Өзіндік бағалауын көтеру(Повышение самооценки).
2. Толғаныстар болатын жағдайларда балаға өзін басқара білуді үйрету.
3. Бұлшықеттегі ширығуларды кетіру.
Баланың өзіндік бағалауын(самооценка) анықтауға арналған » 10 баспалдақ» деп аталатын тестті ұсынамын. Бұл тесті ата-анамен қатар, мұғалімдер мен тәрбиешілер де пайдалануға болады.
10 баспалдақтан тұратын сатының (лесенка)суретін салыңыз.
Балаға былай түсіндіресіз
Ең төменгі баспалдақта тәрібі нашар, мінез-құлқы нашар, өзін қалай ұстауды білмейтін бұзық, ақылы аз балалар тұрады.
Ол баспалдақтан жоғары баспалдақта тәртібі, мінез-құлқы дұрысырақ балалар тұрады.
Ал үшінші баспалдақта тәртібі дұрысырақ балалардан да жақсырақ балалар тұрады.
Ал одан кейінгі баспалдақта одан да жақсырақ балалар тұрады деп осылай ең жоғарғы баспалдаққа дейін жалғастырасыз.
Ал ең жоғарғы баспалдақта өте қайырымды, ақылды, өте жақсы балалар тұрады дейсіз.
– Енді балаңыздан сұрайсыз. «Сен қай баспалдақта тұрар едің? »
– Егер балаңыз өзін 4-7 баспалдаққа қойса, онда өзін(адекватты) дәл бағалайды.
– Егер 8-10 баспалдаққа қойса өзін(өзіндік бағалауы) тым жоғары бағалайды.
– Көп жағдайда қобалжуға бейім балалар өздеріне 1 және 3 баспалдақ аралығын алады.
– Баланың өзіндік бағалауы тым жоғары болғаны да, сонымен қатар тым төмен болғаны да дұрыс емес. .
– Баланың өзіндік бағалауын «өзін дәл бағалау» дәрежесіне жеткізу үшін ата-ана тарапынан күш-жігер,уақыт қажет.Баламен түзету жұмыстары жүргізілу қажет.
Қорыта айтқанда: Жағымды сәттерде балаға көбірек акцент айту керек. Кейде оның центр вниманияда болуына мүмкіндік беріңіз. Әр күн сайын кемінде бір рет аздаған, болмашы жетістігі үшін мақтап қойыңыз, жасаған жұмысы еленуге тұрарлық болмаса да қолпаштап қойыңыз.