Баланың есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған ойын


 

Отбасыңызда балаларыңызбен бірге ойын ойнайсыз ба?

Күнделікті көңіл бөліп , отбасылық ойындар ұйымдастырып жүрсеңіз , онда сіз керемет жансыз.

Ал көңіл бөле алмай жүрсеңіз , әлі де кеш емес.

ЕСТЕ САҚТАУДЫ ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН :
«МЕН СУМКАҒА САЛДЫМ» деп аталады .
Бұл ойынды балалармен кез-келген уақытта , кез -келген жерде ойнауға болады .Үйде, жол жүргенде , табиғат аясында т.б
Ересек адам «Мен сумкаға нан салдым» дейді. Келесі ойыншы «Мен сумкаға нан салдым » деген сөзді қайталайды да , өз тарапынан бір сөз қосып айтады. Сонда «Мен сумкаға нан, сүт салдым» шығады. Үшінші ойыншы да дәл солай , алдыңғы айтылғандарды міндетті түрде айтып, өзі бір сөз қосып айту керек .»Мен сумкаға нан , сүт , қант салдым» дегендей. Осылайша әркім бір жаңа сөз қосып ,алдыңғы айтылғандарды толығымен қайталауы керек. Бұл жерде кім көп сөзді есіне сақтаса , сол адам жеңімпаз болады . Осылайша балаларымыздың есте сақтау қабілеттерін дамытуымызға болады

Яндекс.Метрика