
Барлық бала қателеседі. Мысалға, балаңызға құрастырғыш ойыншық бердіңіз. Бала оны бірден дұрыс құрастыра алмауы мүмкін. Өзіңіз көмектесуге асықпаңыз. Қателесу арқылы шешімін табатын болады.
Əрбір көмектескеніне мақтау айтыңыз.
Өз бетінше үстел үстін жинаса, ыдыс-аяқ жуса балаңызды мақтаңыз. Əрбір жетістігіне қуаныңыз. Сүртелмей қалған шаңға, дұрыс жуылмаған ыдысқа ұрыспаңыз. Сізге пайдасын тигізгенін бала сезінеді. Əр балаңызға əртүрлі жұмыс түрінен үйлестіріп беріңіз.