Сәбилер өздерінің қимылдары арқылы дамиды

Сәбилер тулғаннан кейін алғашқы айлар мен алғашқы жылы өте жылдам әрі қарқынды дамып жетіледі. Мұндай кезеңде Өмір атты кітаптың беттерін енді жаза бастаған сәби ата-анасы тарапынан үлкен жауапкершілік пен жақсы күтімді қажет етеді.

Бойында қуат пен ұмтылыс тұнып тұрған сәбилер айналасын танып білуге өте құштар. Қорқыныш, уайым деген түсінік мүлдем жоқ оларда. Батыр да, батыл да, ержүректер де — солар. Мүмкіндіктеріне, шамасына қарамастан жасайтын осындай ұмтылыстар оларды дамытады, өсіреді. Кінкентай балалардың дамуы ешқашан 100 пайызға ата-анасына тәуелді болмайды. Барлығын олар өздері үйренеді. Адамзаттың жаратылысы сондай.

Кішкентай сәбилердің суреттері

Ата-анасының кішкентай сәбилеріне толықтай ықпалы болмаса да, ата-ана тарапынан болатын ықпал баланың дамуындағы негізгі адами (табиғи емес) фактор болып саналады. Сондықтан да ата-ана сәбиінің жаратылысындағы қасиеттері мен мүмкіншіліктерін біліп-ескеріп, оларға баса назар аударып, соған қоса өздерінің тиісті әрекеттері (күтімі, бақылауы, …) арқылы кішкентайдың дамуына әсер ету керек.

Адам баласы туылған кезден (кішкентай шақалақ болғаннан) бастап дүние салғанға дейінгі кезінде жасы өскенімен физикалық белсендігі (қимыл-қозғалысы) төмендей берейді. Сәби кездеріңізде аяқ-қолдарыңыз тыным таппаған болса, қазір ата-ана болып, байсалды болып, анда-мұнда шауап жерген жоқсыз. Көптеген ересек адамдар спортпен айналыспағандықтан оларда физикалық даму да болмайды. Алкішкентай ғана сәбилер өздерінің қимыл-қозғалыстары арқылы жылдам дамиды. Бірақ олар да есейіп, ересектер қатарына қосылады.

Бала кішкентай кезінде өте көп қимылдайды. Аяқтары мен қолдарын бос жібергенде олардың бойындағы қуатты байқай аласыз. Ол қуатты бала бойында сақтап, басқа әрекеттерге жұмсай алмайды. Кішкентайдың жасауы тиіс негізгі әрекетердің қатарында қимылдау, жерге аунау, аяқ-қолдарын сермеу секілді физикалық тұрғыдағы іс-әрекеттер бар. Осына ескермей: «Бала шаршап қалады, қол-аяғын байлап, матап тастайын» деген ой мүлдем болмасын (бесікке бөлеу басқа).

Сәбилер өздерінің қимылдары арқылы дамиды

Сіз кішкентай балаңыздың дамуына қалай әсер ете аласыз?
Балаңызға көрсетер көмегіңіз ретінде оның қимыл-қозғалысын бақылау, қауіпті заттар мен әрекеттерге барумауына мұқият қарау сияқты жауапкершілігі бар жұмыстарды айтуымызға болады. Мысалы, балаңыз таза жерде аунап ойнап отырып, лас немесе құлап кетуі мүмкін жерлерге дейін аунап барып қалмау үшін оны бақылау керексіз, қолына зиянды немесе денесіне зақым келтіретін заттарды ұстап алса, аса мұқият болып, қолынан алу керексіз.

Сәбиге күтімнен, бақылаудан, көмектен басқа аналық және әкелік махаббат керек. Бала — тек физикалық дамуды ғана қажет етіп қоятын санасыз малдың төлі емес. Мал деймін-ау, мал екеш малдардың да арасында төліне жүрегі елжіретіндері қаншама!

Сәбидің ата-анасымен байланысы рухани-моральдік тұрғыдан да іске асады. Оған жылы шырай мен жылы да тәтті сөздер айтылып, шын жүрекпен көмектесу керек. Ондай көмектен келетін рухани-моральдік қасиеттер сәбиге туыла саласымен берілмейді. Оны айналасындағы адамдар береді.

фото: kidzstore24.de

Яндекс.Метрика