Жұбату (М.Жұмабаевтың бесік жыры)

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Құнан қойды, сой бөпем,
Құйрығына той, бөпем.

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Буырыл тайға мін, бөпем.
Ақ қызы бар ауылда
Балпаң байдың үйіне
Бұрала барып түс бөпем.
Қымызынан іш, бөпем,
Қымызынан бермесе,
Қызын ала қаш, бөпем.
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем.
Кекеңдесе жеңгесі,
Жынға басын тық, бөпем…

Әлди-әлди, апатай,
Көп жылама, қалқатай!
Әлдилесем жыламас,
Ақылы көп қалқатай.
Айналайын айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Тәшкент, Бұқар – кентіміз.
Дуай-дуай кемелім,
Күнітайым қайда екен?
Саятайым сайда екен,
Асқар-асқар тауда екен,
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан, қанеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан, қанеки?
Жаңа барып жүр екен.

Қызықты

Балаға дұрыс тамақтану әдеттерін үйрету жолдары

Қазіргі таңда педиатрлар балалардың артық тамақтану мен дұрыс тамақтанбаудың...

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге...

Бауырсақ пісірудің оңай жолы

✅ Бұл дәмді бауырсақты үйдегілерге жиі пісіріп беремін. Ингредиенттердері...

7 минутта жасалатын балмұздақ

Құрамы: 200 гр үй ірімшігі 50 мл сүт 0,5 банка қойылатылған сүт Дайындау: Ірімшікпен...

Супермаркет халықты қалай алдайды?

Алдау барлық жерде бар екені белгілі. Қалалық жерде көп...