4 айлықтан 1 жасқа дейінгі баланы тамақтандыру

1. Баланы мүмкіндігінше 1 не 2 жасқа дейін емшектен айырмау керек.

2. 4-6 айлық кезден бастап баланы қосымша тамақтандыра бастаңыз. Бұл үшін алдымен, сәбиді емізіп алып, қосымша тамақты содан соң ғана беру керек. Тамақтандыруды суға немесе сүтке пісірілген жүгері, күріш ботқасын беруден бастаған жөн. Бұдан кейін ботқаларға ағзаға әл-қуат беріп, нығайтатын майлар қосуға болады. Бірінші рет дәмін татқызғалы отырған тағамды сәбиге ас қорыту мүшелеріне ауыртпалық түсірмеу үшін аз-аздан және әр кезде бір түрінен ғана ішкізіп отыру қажет. Тағамның барлық жаңа қосымшалары әбден пісіріліп, ұнталып дегендей, бабымен дайындалуы керек. Алғашқыда бұл тамақтарға баланың асқазаны жақсы қабылдап қорытуы үшін емшек сүтін араластырып беріңіз.

3. Қосымша азық-түлікті негізгі тағамға қосып, арзан да құнарлы тамақ дайындаңыз. Бұл жағдайда, әсіресе, ағзаны қосымша әл-қуат көзімен толықтыратын (мысалы, май) және темірмен жабдықтайтын (қанық жасыл жапырақты көкөністер) тағамдардың алатын орны ерекше.

Жас сәбидің асқазаны бір тамақтандыру кезінде көп тағамды қабылдай алмайтындығын ескеріңіз. Сондықтан да баланы аз-аздан жиі-жиі тамақтандырып, негізгі жейтін тамағына жоғары калориялы көмекші компоненттерді қосып отырыңыз.

Ара-арасында жеңіл-желпі оны-мұны жегізіп, баланы күніге 5 рет тамақтандыру қажет. Тамақтың ескірмегендігіне және таза пісіріліп дайындалғанына көз жеткізіңіз.

Бала ішетін суды қайнатып, сүзіп, жаңалап отырыңыз. Сұйық сусынды көбірек ішкізіңіз.

Ағзаға қажетті энергиямен қанағаттандыру үшін сәби бір қасық май қосылған тағамның ¾ бөлігіндейін жеуі керек. Асқа қосылған май энергияны қамтамасыз ететін калория бөліп шығарады.

Ескерту: тамақты тоя ішпеудің салдарынан туындайтын қауіп баланың 6 айлық кезінен 2 жасқа дейінгі шамасында көп кездеседі. Бұл – емшек сүті жеткілікті болмай, сәби 6 айлық кезге дейін өзіне тиісті мөлшердегі калорияны ала алмағандығынан болатын жағдай. Баланы мұндайда калориясы жеткілікті тағаммен қосымша тамақтандыру қажет. Егер ана сәбиін емшектен ажыратып алса, оның ашығуға ұшыру қаупі одан сайын ұлғаятыны сөзсіз.

1 жасар және одан ересек балалар

1 жасқа толған балалар ересек адамдар ішетін тағамдарды іше бастаумен қатар, емшек сүтімен және мал сүтімен қоректене беруі тиіс.

Мықты, дені сау болып өсуі үшін күн сайын балаға құрамында протеин, дәрумен, темір және минералды заттар бар азық түрлері қосылған тамақты мол ішкізіп отыру керек.

Баланың тамақты толық тауысып ішкенін қадағалап, біліп отыру үшін оны жеке ыдыспен және асықтырмай тамақтандырған жөн.

Бала және кәмпит: баланы тәттіні көп жеуге және пепси-кола, кока-кола сияқты газды сусындарға әуестендірмеңіз. Тәттіге құмарланған баланың тамаққа тәбеті азайып, тісі бүлінеді.

Әйтсе де, негізгі азық-түлік тағамдары шектеулі болған жағдайда және сол табылған тамақтың өзі су татыңқырап, жұғымы аздау болып келсе, оған қант пен май қосып, құнарлылығын арттырыңыз.

Яндекс.Метрика