Бапталған ешкі сүті — аллергияға қарсы ем

ЕшкіДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5% ал балалардың 15% түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді. Аллергиясы бар ата-аналардан туылатын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтималдылығы жоғары болады.
Аллергиялық реакция – адам бойындағы иммундық жүйеде «ақау» барының бір белгісі. Қоршаған ортадағы аллергендерге (өсімдіктердің және түрлі гүлдердің тозаңдары, жануарлардың жүндері, шаң-тозаң, азық-түлік) қарсы «жауап» қайтара алмаған иммундық жүйе шыдас бермей, адамдардың аллергиялық аурулары қозады.
Аллергиялық ауруларды кешенді түрде емдеу қажет. Дәрілік заттармен уақытша ғана емдеп, немесе аурудың бетін ары қаратқанымен оны түбегейлі емдеу ісі біте қоймайды.
Аллергияны қоздырмас үшін өзіңізді аллергендерден аулақ ұстауыңызға тура келеді. Тағамның кейбір түрлерінен аллергияңыз болса, онда арнайы диетаға отыру керек.
Ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің қортындысы бойынша, сиыр сүті жас балалардың аллергиясын жиі қоздыратын азық болып шықты. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, белгілі болғаны – осы.
Жас нәрестенің бойындағы азық-түлікке деген аллергияның пайда болуының бірнеше жолдары бар: тұқым қуалаушылық, жүктілік кезіндегі қиындықтар мен кеселдер, баланы туыла салысымен жасанды (табиғи емес) қоспалармен тамақтандыру, қосымша тамақтар мен жасанды тамақтарды тиісті мерзімінен ертерек беру, анасының құрамында сиыр сүті көп тағадарды тұтынуы.
Сүттен аллергиялық ауруы қозған жас баланың терісінде өзгерістер (бөртпе, қышыма) байқалады, ұйқысы бұзылады. Аллергияның салдарынан баланың ас қорту жүйесі зақымдалып, қиналуы мүмкін.

Балалардың сүтке қарсы аллергиясының алдын алу үшін, бола қолған жағдайда, аурудың алдын алу үшін күндік рационнан сиыр сүтін алып тастайтын диеталық терапия (емдеу) әдісін қолдану керек. Егер бала анасының емшек сүтімен қоректенетін болса, онда анасының құрамында сиыр сүті бар азық-түліктерден бас тартуына тура келеді. Ал егер бала қосымша тамақтарды немесе толықтай жасанды қоспалардың пайдаланатын болса, онда олардың гипоаллергенді түрлерін таңдау керек.
Құрамында сиыр сүті жоқ тағамдарды пайдалану (сүтсіз тағамдар десе де болады) баланың салмақ қосуын тежейді. Себебі салмақ қосуға сеп болатын сиыр сүтіндегі ақуыздарды қабылдау тоқтатылады. Бірақ ондай қиындықтан шығудың жолы бар. Ол – ешкі сүті.

Ешкі сүті мен құрамында ешкі сүті бар тағамдарды сиыр сүті мен құрамында сиыр сүті бар тағамдардың орнына пайдалануға болады. Емізулі баласы бар ана үшін де ешкі сүтінен жасалған азықтарды жеген дұрыс болады. Өйткеніешкі сүтінің құрамында жоғары аллергендік ақуыздар болмайды.

Ешкі сүті – диеталық азық, тез қорытылады. Ол ана сүтіне ұқсас келеді. Бірақ «кемшіліктері» де бар. Мысалы, ешкі сүтінің құрамында дәрумен дер мен темір өте аз болады, есесіне, минералдар мен майға бай келеді (майлылығы жоғары). Ол дегеніміз ешкі сүтін балаларға бермей жатып арнайы баптау керек дегенді білдіреді. Сондықтан дәргердің кеңесін тыңдай отырып, ешкі сүтінен жасалған қоспаларды пайдаланған жөн.

Comments 4

  • Саламатсыз ба?Менің жасым 31-де. Менде, әсіресе жаз айларында аллергия өте қатты өршіп кетеді. Бетім қызарып, қоймастан түшкіремін. Бұның қандай емі бар?

    • Сәлем! Алдын ала дәрі ектіруіңізге болады.

    • Келінім жүктіліктің 7,5 айлығында жүр. 2-3 күн болды денесі қызарып, майда бөртпелер пайда болды. Бұл аллергия ма? Оны қалай емдеуге болады?

  • Цистит ауруы да тұқым қуалайды ма? Келінім осы аурумен ауыратын еді, енді 3 жасар қыз немерем де осы аурумен ауырып жүр. Оны қалай емдеуге болады?

Яндекс.Метрика