Ағзаны құрғап кетуден сақтау. Мұрынның қанауы

Жалғасы. Басы: Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз

Ағзаны құрғап кетуден сақтау

Ағзаны құрғап кетуден сақтау. Ересек адамдардың денесі 70-80%-ға жуық судан құралған, ал жаңа туылған нәрестенікі – 90%. Су ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мөлшерінің тіпті 5%-ға азайып кетуі денсаулыққа зиян, ал 15-20%-ға азайса, өміріне қауіп тууы мүмкін.

Себебі: сұйықтықтың ағзаға аз мөлшерде түсуі немесе ағзадан өте тез шығарылуы. Әдетте ағзаның құрғап кетуі асқазан жұмысының бұзылуынан (құсу, іш өту) болады.
Белгілері: әлсізденуі немесе баланың тым қозуы. Құрғақ, жарылып кеткен ерін, тіл, тері. Кіші дәретке аз отыру, кіші дәретінің түсі қою сары болады.
Қалай көмектесуге болады? Бірінші кезекте, ағзадағы сұйықтық пен тұздың орнын толтыру керек. Ол үшін арнайы ерітінділермен бірге (мысалы, «Регидрон»), тұзбен араластырылған (400 мл. суға 1 шай қасық тұз) салқын су мен минералды суды пайдаланса да болады. Суды әрбір 10-15 минут сайын ішкізіп тұру керек. Егер құсатын болса, дәрігерге көрініңіз, себебі дәрі тамызғыш қажет болуы мүмкін.
Алдын-алуға бола ма? Ыстық күндерде балаға көп мөлшерде тамақ беріңіз, өйткені көп сұйықтық тер арқылы сыртқа шығады. . Шөлін минералды сумен, шырынмен, шөптен дайындалған жеңіл шаймен бассын.

Мұрыннан қан кету
фото: toksinam.net

Мұрнынан қан кету. Қатты ыстықта баланың мұрнынан қан кетуі мүмкін. Егер бұл жағдай жиі қайталанса, ол тыныс жолдарының және қан-тамыр жүйесінің ауруларын тудыруы мүмкін.
Себебі: ағзаның шамадан тыс қызып кетуі, сілекейлі қабаттың құрғап кетуі, қан қысымының көтерілуі, қалжырау, мұрынның жарақат алуы.
Белгілері: әдетте ол оңай және тез байқалады. Кейде қан сыртқа емес, ішіне, жұтқыншағына ағатын жағдайлар да кездеседі.
Қалай көмектесуге болады? Баланы арқасын тік етіп, басын алға аздап еңкейтіп отырғызыңыз. Бұлай қан жұтқыншағына түспей, мұрны арқылы сыртқа шығады. Басын артқа шалқайтпаңыз! Қанды тоқтату үшін мұрынның екі бөлігін қатты қысыңыз да, мұрнына мұздай орамал басыңыз. Егер қан сонда да тоқтамаса, танауының тесігіне сутек тотығының ерітіндісіне (раствор перекиси водорода) малып, мақталы тампон тығуға болады. Егер құсығы қан аралас болса, дереу дәрігер шақыртыңыз.
Алдын-алуға бола ма? Ыстық күндері күн тәртібін сақтаңыз. Аптапта баланы ыстық тамақпен тамақтандырмаңыз. Таңертең және кешке мұрнын ұқыпты түрде ылғалды мақталы таяқшалармен тазалаңыз.

Мұрыннан қан кету
фото: buzzle.com

Нұрбану Омарова

Яндекс.Метрика