Шілденің шіліңгір ыстығында баланы қалай қорғаса болады?

Шілденің ыстығында балаңызды қорғаңыз!

Шілденің шіліңгір ыстығында баланы неден қорғау керек? Ең әуелі – күннен, әрине. Өйткені, тым ыстық тым суық секілді балаға өте зиянды. Суық секілді денеге өткен ыстықтан баланы сақтамасаңыз басы айналып, жүрегі айнып, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, мұрнынан қан кетуі мүмкін. Кей жағдайда қалшылдап, дірілдеп кетеді.
Егер осы жағдайға ұшырасаңыз, дәрігер келгенге дейін не істеу қажет?

Дереу күннің астынан көлеңке, салқын жерге жатқызыңыз. Салқын суға малынған шүберекпен денесін сүртіп шығыңыз. Салқын (өте мұздай болмасын) су ішкізіңіз.

Егер ол жаңа туылған сәби болса, қайнаған суды бөлме температурасынан сәл төмендеу етіп жиі-жиі ішкізіңіз. Нәрестенің ағзасы тым әлсіз болғандықтан, күн сәулесін тез қабылдайды. Тағы бір халықтық медицинаның тәсілімен бөлісе аламын(өзім қолданып, нәтижесіне көз жеткіздім) – кәдімгі шашыратқы шөбін шамалы мөлшерде алып, суға қайнатасыз. Сәбидің денесі тоңбайтын, жылымшы етіп, ваннаға отырғызып, үстінен құясыз. Жасына қарай күніне екі-үш рет шомылдыруға болады.

Ыстықтан қалай сақтаймыз?

6 айға толмаған сәби айналадағы ауа өзгерісін тез қабылдайды. Күннің басым бөлігін ұйқымен өткізетіндіктен, көлеңкеде болғаны дұрыс. Дегенмен, арбада жатқан балаңыздың күн астында қалып кетпеуін, арбаның беті жұқа шілтерімен жабықтығын тексеріп отыруыңыз қажет. Күн сәулесінің астында қалып кетсе, арба қызып, іші шамадан тыс ысып кетуі мүмкін.
Ал, одан ересектеу ойын баласы қамсыз күннің астында ұзақты күнге жүрмесін. Сондай-ақ, көлік ішінде де баланы қалдырмаңыз. Металлдан жасалған автокөлік тез қызатындықтан, ыстық денеге өтіп кетеді. Әлі ақыл тоқтатып үлгермеген баланы мүлде қараусыз қалдырмаған дұрыс.
Егер жаз айларындағы демалыста өзен, көлдердің жағасында демалуға ниеттенсеңіз, балаңызды күн көзінен қорғай біліңіз. Бірақ, «керемет қорғаныс беретін» алуан түрлі жарнамадағы «спрей, мазьды» бала денесіне жолатпаңыз. Химиялық қоспалар біріне жақса, бірінде аллергия пайда болады.
Күн сәулесі ағзаға пайдалы болғанымен, ұзақ уақыт күннің астында болу зиянды. Ішке түсіп кететін ыстықтан басқа терінің сыртқы ортадан қорғап тұратын қабатын күйдіріп, түрлі пигментті дақтардың пайда болуына әсер етеді. Керісінше, көлеңкелі жерде құммен ойнаса, ұтпасаңыз ұтылмасаңыз анық. Оған қоса, дамыл – дамыл үзіліс жасап, салқын су ішкізіп, денесін сулап отырыңыз. Газды, тәтті сусынды шектеңіз! Үстіне таза, табиғи жүннен тоқылған матадан тігілген жеңіл киім кигізіңіз.

spot_img

Қызықты

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне...

Балалардағы жөтелді қалай емдеуге болады?

Балалар жөтелі қайдан пайда болады? Жөтел вирустар, бактериялар, аллергендер, бөгде...

Жаңғақ печеньесі

Қажетті заттар: 3 жұмыртқа 200 гр сары май 150 гр қант 3 стакан...

Шоколад пастасы қосылған круассан

✔ Керекті заттар: ✔ Қамырына: Сүт - 1 ст (жылы) Су -...

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Дене тазалығы Жүктілік кезінде ағзадағы жалпы гормональды өзгерістер мен қан...