Алтын алқа

Алтын алқа — жеті немесе одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін көпбалалы аналарға тағайындалатын алқа түріндегі марапат, ҚР ордені мәртебесіне ие. Бұл награданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жарлық шығару арқылы тағайындайды.

Алтын алқаАлтын алқа туралы, Алтын алқаның суреті

Қазақстан Республикасының «Алтын алқа» марапаты 1993 жылы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді. Алғашында он және одан көп баласы бар аналарға берілетін еді. Кейіннен 1995 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңына өзгерістер енгізілуіне сәйкес (2009 ж. желтоқсанда), 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеті баласы бар аналарға «Алтын алқа» берілетін болды. Алты баласы бар аналар «Күміс алқа» тағынады.

«Алтын алқа» ананың жетінші сәбиі бір жасқа толып, одан басқа алты баласы тірі болған кезде ғана беріледі. Егер баласы (балалары) Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады. Сондай-ақ, ҚР заңдары аясында асырап алған балалары да «Алтын алқа» алу барысында есепке алынады.

«Алтын алқа» алқасын Өскемен қаласындағы «Қазақстан Ұлттық банкiнiң Теңге сарайы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны шығарады, ал тапсырысты Президент әкiмшiлiгi бередi. Қазақстан бойынша медальдер мен ордендерді шығаратын жалғыз кәсiпорын болғандықтан, түсіп жатқан тапсырыс көп болғандықтан, уақытылы дайындау үнемі мүмкін бола бермейді. Осы себептен алтын алқаны алу мерзімі көп жағдайларда ұзақ уақытқа созылып жатады.

«Алтын алқа» орденіне ие аналар бірқатар жеңілдіктерге ие.

spot_img

Қызықты

Жүктілік кезіндегі әйел денсаулығына қажет су мөлшері

Күн сайын кемінде сегіз стакан суды ішуге аруналған...

Гиперактивті балалар туралы

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға...

Көктемнің қиындығы мен қуанышы

Көктемнің алғашқы айы келіп, далада 6 ай қыс жатқан...

Ірімшікті печенье

Құрамы: ?сыр- 200г, ? Ұн - 200г + илеуге, ? Май -...