Апгар шкаласы (Apgar score) — адам баласы дүниеге келген алғашқы минуттарында (бірінші тест бірінші минутта, екінші тест бесінші минутта) өтетін тест.
1952 жылы өткен анестезиологтардың XXVII конгресінде американдық анестезиолог-дәрігер Вирджиния Апгар (Virginia Apgar) жаңадан туылған нәрестелердің өмірлерінің алғашқы минуттарындағы жағдайларын бағалайтын жаңа жүйені көпшілік назарына ұсынды. Апгар шкаласы бойынша бағалау бес критерий негізінде жүргізіледі. Әрқайсысы 0-ден 2-ге дейінгі аралықтағы сандармен балл ретінде бағаланады. Тексерудің қортындысында сәбидің жағдайы 0–10 балл аралығында бағаланады:
7–10 — жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ;
5–6 — жағдайы орташа, денсаулығында аздаған ауытқу бар;
3–4 — жағдайы нашар, денсаулығында айтарлықтай ауытқу бар;
0–2 — жағдайы өте нашар, сәби өмірі қатерде.
Жағдайы өте керемет болып, ең жоғарғы 10 балды алатын сәбилер сирек кездеседі. Алғашқы және екінші рет жасалатын Апгар тестінің нәтижелері мынадай түрде жазылады: алғашқы баға/кейінгі баға (8/9).
Апгар тесті тек қана алғашқы минуттардағы жағдайды бағалайды. Егер нәресте өлі туылмаса немесе алғашқы минуттарында шетінемесе, оның ары қарайғы денсаулық жағдайы туралы Апгар шкаласына қарап алдын ала қортынды шығаруға болмайды.
Нәрестенің жағдайын Апгар шкаласымен бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
А – activity – бұлшықет тонусы мен белсенділігі;
Р – pulse – жүрек соғысы;
G – grimace response – жаңадан туылғандарға тән шартсыз рефлекстердің болуы;
A – appearance – терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі;
R – respiration – тыныс алуы және шыңғыруы.
Бір қызығы, дәрігердің есімі APGAR болса, осы сөздің әрбір әрібі тесттің бір критериінің алғашқы әрібі болып шығады.
Апгар шкаласы бойынша бағалау
0 балл | 1 балл | 2 балл | |
Бұлшықет тонусы мен белсенділігі |
бұлшықет тонусы жоқ, аяқ-қолы былқ-сылқ ететіндей босаң күйде |
барлық аяқ-қолы бүгілмейді, қозғалысы өте белсенді емес |
аяқ-қолы өзіне қарай бүгілген, жұдырықтанып алған, тыпыршып акушердің қолынан шығып кетердей қозғалады |
Жүрек соғысы |
соқпайды |
минутына 100 реттен аз соғады |
өте жақсы болса: минутына 130-140 рет соғады, әдетте: 100 реттен жоғары |
Шартсыз рефлекстердің болуы |
ешқандай реакция жоқ |
бетінің мыжыраюы (гримаса), өздігінен жыламайды |
қатты шыңғырады, жөтеледі, ширақ қозғалады |
Терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі |
бүкіл денесі көгеріп (цианоз) немесе бозарып тұрады. Себеп: қан денесінің көп жеріне жетпейді |
аяқ-қолы аздап көгерген түсті (акроцианоз). Себеп: қан денесінің жүректен алшақ бөліктеріне жетпейді |
барлық жері қызғыш түсті Себеп: қан барлық жеріне жетіп тұр |
Тыныс алуы және шыңғыруы |
тыныс алмайды |
тыныс алуы тұрақты емес |
тұрақты түрде тыныс алады, шыңғырады |
salemetsizbe. Apgar shkalasi turali malimetti ozime kalay endiremin?
Недоношенный баланын апгар шкаласы канша болу керек?