Цистит ауруы

Цистит — әйелдерде жиі кездесетін ауру, қуық жолдарының қабынуы және жатырдың шырышты қабығының қабынуы арқылы анықталады. Циститті 80 пайыз жағдайларда E.coil (ішек таяқшасы) бактериясы қоздырады. Алайда, қуық жолдарының қабынуына қосымша факторлар да әсер етеді. Кейде жыныстық қатынаспен де байланысты болып жатады.

Әдетте, циститті суықтағаннан болды деп жатамыз. Ия, ол рас, адамға салқын тию арқылы, иммунитет күресе алмаған жағдайда, инфекция белсенді түрде өршіп, циститке әкеледі. Бірақ, кейде етеккір циклімен де байланысты болады екен.

Циститті қалай білеміз? Инфекциялық цистит – әдетте, тез-тез кіші дәретке отыру, шаншу, ашыту, несеп жолдарының ауыруы, жағымсыз әсерлер, кіші дәретке отырса да отырмаған сиқты болады. Жиі-жиі дәретке барғанда аз ғана 12-18 м мл. дәрет сындырады, оның өзінде ауыртып шаншиды. Жыныстық қатынас кезінде ауыртады. Дене қызуы 37°С-ден жоғары немесе бірқалыпты болып қала береді. Кіші дәрет анализінде лейкоциттер тым жоғары болғандықтан, дәрігер бірден байқайды.

Циститті емдеу. Цистит ауруын екі түрлі мамандардың (уролог және гинеколог) бақылауында емдейді, қуық жолдарының қабынуын урология ғылымы зерттесе, жатыр микрофлорасының бұзылуын гинекология зерттейді. Өзіне толық жауапты деген әйел уролог пен гинеколог мамандарына бірдей қаралуы керек. Бірақ, өмірде тек гинекологтардың емдеуімен ғана шектеліп жатады. Емдеудің жалпы схемасы лабораториялық тексеруден өтіп, аурудың пайда болу себептерін анықтайды. Содан кейін, пайда болу факторларына қарай кешенді емдеуді бастайды.

Егер цистит жыныстық қатынастың әсерінен пайда болған болса, екі жақты емделу қажет, яғни гинекологиялық емдеу мен циститті емдеу қажет. Сонымен қатар, жолдасының да емделгені дұрыс. Емделу кезіндегі жыныстық қатынаста мүшеқап пайдалануға міндетті. Негізгі емделу курсы 2-3 аптаны құрайды. Осы уақытта суық тағамдар мен тоңып қалудан сақтану керек. Емдеу курсы біткен соң, үш айдан кейін қайта тексеруден өту артық болмайды. Тіпті, қайта ем қабылдаса, цистит ауруы қайталанбауы мүмкін.

Циститті дұрыс емдеп қана қоймай, оның өршуіне қалай жол бермеуге болатыны байқап көрейік. Ол үшін әрбір әйел мына қағидаларды ұстану қажет:

  • дәрігер нұсқауы бойынша дәрі-дәрмекті уақтысымен қабылдап отыру;
  • қатты тоңудан сақтану ( кез-келген жерге отырмау, қатты суық суға шомылмау, күзде, қыста қысқа юбка кимеу;
  • су ішу ( 2 литрден асырмай таза су немесе жаңа сығылған шырын ішу, газдалған кола, пиво болмайды);
  • егер үлкен дәрет бірқалыпты болмаған жағдайда арнайы диеталар ұстану;
  • етеккір келген кезде тампонды 2 сағаттан артық қолданбау;
  • әр 2 сағат сайын дәретханаға бару;
  • тәнін таза ұстау керек.

Циститтің асқынуы. Қуық жолдарында инфекцияның ұзақ уақыт болуынан бүйректе де індеттің пайда болуы ғажап емес. Ол дегеніміз пиелонефриттің пайда болуы, яғни бүйректің қабынуы. Ондай кезде дене қызуы көтеріліп, белі ауыра бастайды. Егер пиелонефрит екі жақтама әсер етсе адам өміріне қауіпті.

Интерстициальді цистит — ең қауіпті цистит. Ол тек жатыр шырыштарының қабынуларымен ғана қауіпті емес, сондай-ақ, барлық жатырды жаулап алуы мүмкін. Сол кезде науқас адам кіші дәретке тәулігіне 100-150 рет барады. Дәретке отырғанда іштің төменгі жағы қатты ауыртады. Мұндай кезде қосымша антибиотиктер қабылдаған жағдайдың өзінде еш әсер етпей қалатын кездер де болады. Ол дегеніміз операциямен алып тастау салдарына әкеледі. сондықтан әрбір әйел циститпен ауыра қалған жағдайда, дер кезінде тексеріліп, ем қабылдауға міндетті, себебі, интерстициальдық циститтің ақыры неге әкелетінін түсінген шығарсыз.
Үй жағдайында не істеуге болады. Жылдан жылға ауырған келіншектер үй жағдайында емделгісі келеді. Біреулердің дәрігерге көрінуге уақтысы жоқ болса, біреулері тек дәрігерге сенеді. Осы аурудан айығу мәселесі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір мамандар тек емханада ем қабылдау керек деген пікірде болса, ал кейбір мамандар үйде ем қабылдап тек дәрігердің бақылауында болуы шарт деген пікірде. Өз бетінше, антибиотиктерді қабылдап, емделу салдарынан науқастың нашарлап кетуі де мүмкін. Сондықтан тексеріліп, дәрігеріңізбен ақылдасып, жазып берген рецептісі бойынша емделіңіз. Дәрі-дәрмек қабылдаудан басқа, халықтық ем жолдары да бар. Алайда ол тек ауруды басып жеңілдеткенімен толық жазбайды. Халықтық емде көбіне шөп тұнбаларын қолданады. Сол сияқты, ыстық 40С ваннаға түсу, ыстық кебекті (отруби) ішке басуға болады. Белді жылы орап, аяққа қалың нәски кию керек. Сондай-ақ іш қатуынан аулақ болыңыз, ол инфекцияның өршуіне әкеледі. Іш қатпау үшін кептірілген қара өрік жеңіз, айран ішіңіз, аздыратын дәрі ішуге болмайды.
Үлкен мән беретін нәрсе – дұрыс тамақтану. Консерві, ащты тұздықтар, тұзды тағамдар жемеңіз. Науқас адам ет, балық, сыр, сәбіз, т.б жегені абзал.
Жүкті әйелдерде цистит. Әрбір әйел өз өмірінде ана болуға физикалық жағынан да, рухани жағынан да дайындалып жүреді. Алайда, бала көтеріп жүру бақыты кезінде, түрлі инфекциялардың қуықта пайда болу салдарынан цистит болады. Мамандардың айтуы бойынша, жүкті әйелдердің 10 пайызы осы мәселемен арпалысады екен. Жүкті кезінде ем қабылдамаған жағдайда ерте босану салдарына әкеледі. Әдетте ол аяғы ауыр кезінде білінбей қалуы да мүмкін. Оны тек кіші дәрет анализі ғана анықтай алады. Сондықтан жүкті әйел өз денсаулығына аса қамқорлықпен қарауы керек. Әдеттегіден тым жиі кіші дәретке отыру, іштің ауыруы, кіші дәрет түсінің бұлдыр болуы цистит ауруы болуы мүмкін деген қауіп. Техниканың дамыған мына заманында жүкті әйелдерге зиян емес неше түрлі антибиотиктер шығарылған. Сол жөнінде дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.
Қорытар болсақ, құрметті ханымдар «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік». Цистит ауруының салдарының жаман екенін байқаған боларсыздар, сондықтан жылына екі немесе бір рет дәрігерге көрініп тұрыңыз!

Яндекс.Метрика