Рахит ауруы (мешел ауруы)

Рахитпен ауыратын балалар, рахит ауруы, сүйек ауруы, балалар ауруы, Рахитпен ауыратын балалар фотосы, рахит ауруы суреті, сүйек ауруы суреті, балалар ауруы фотосы
Рахитпен ауыратын балалар. Фото: medprep.info

Рахит  немесе мешел ауруы — балаларда екі жасқа дейін көп кездесетін сүйек ауруы. Балаларда Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар ауырады. Рахит ауруы кезінде минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады. Бала жасөспірім шағында ауырса оның салдары бойының өсуіне де әсер етеді.

Нәресте ауырған жағдайда  аурудың клиникалық белгілері біліне бастайды. Ең алдымен нәрестенің ұйқысы бұзылады, желке жағында  қызыл дақтар пайда болады. Ұйқысы бұзылған нәресте мойнын ары-бері үйкелей беруі мүмкін. Соның әсерінен желке шашы түсе бастайды. Нәресте тершең болып, теріден ащы иіс шығады. Бұл кезеңде сүйектегі алғашқы өзгеріс байқалмайды.

Рахит ауруының үш кезеңі болады. Аурудың белгілері кезеңдеріне қарай өзгеріп отыруы ықтимал. Рахит ауруының алғашқы кезеңдегі белгілері мынадай:
– мазасыздық;
– тершеңдік (көп терлеу);
– шүйде (желке) бөлігіндегі шаштардың түсіп қалуы;
– асқа деген тәбеттің төмендеуі;
– бауыр мен көк бауырдың үлкейіп, анемияның артуы.

Мешелдіктен толық айығу үшін аталған кезеңнен бастап жақсы профилактикалық емдеу жұмыстарын жүргізу керек. Егер осы кезеңде дұрыс профилактикалық жұмыс жүргізілмесе, онда аурудың ары қарайғы қауіпті ортаңғы кезеңіне өтеді. Әсіресе «Д» дәруменін жеткілікті қабылдымаған, көмір қышқыл газды ауамен көп тыныс алып, таза ауада жиі болмайтын балаларда рахит ауруы ауыр өтеді. Ортаңғы кезеңдегі рахиттің  белгілері:
– бассүйек жілігі мен кеуде клеткаларының деформациясы
– жамбас сүйегінің тарылуы;
– аяқтардың қисаюы;
– ішкі ағза қызметінің бұзылуы;
– бала мазасызданып, бірден нашарлап кетуі мүмкін.

Аурудың қозған кезеңінде дәрігердің араласуымен емделу өте маңызды. Кейде дер кезінде ем алмаған балада  оның белгілері қалып қойып жатады.

Рахит ауруы
Фото: medprep.info

Аурудың алдын алу үшін емшек сүтін ұзақ уақыт ему, дисбактериозбен (іш ауруының түрі) ауырған жағдайда емдеу мен дұрыс тамақтану болып табылады. Рахитпен ауыратын баланың дұрыс тамақтануын қадағалау керек. Егер бала ана сүтімен қоректенетін болса ана  өз тамағына назар аудару керек. Ана тамағында ақуыздар, майлар, минералды тұздардың көп болуына көңіл бөлген жөн. Ал, бала жасанды сүтпен тамақтанатын  болса осы аурумен ауратын балаларға арналған түрін алыңыз. Сонымен қатар дене шынықтыру мен  массаж өте пайдалы. Дене қозғалысы мен массаждың әсерінен қан айналу процесі жақсарады. Жалпы дене мүшелерінің қозғалмаунан да мешел пайда болуы мүмкін екен. Таза ауада, ашық орындарда серуендеу маңызды. Күн сәулесінің жетіспеуі дегеніміз шақырайған күннің астында жүру емес. Бір жасқа дейінгі балаға күннің ультра күлгін сәулелелерінің түскені маңызды. Яғни баланың басына аздап күн сәулесінің түсуі жеткілікті.

Рахит ауруымен ауырған баланың ағзасындағы фосфор мен кальций алмасуы бұзылып, нәтижесінде сүйектер тұзы дұрыс тарамайды. Ал, бұл өз кезеңінде сүйектердің жұмсаруы мен қисаюына әкеп соғады. Рахиттің кезеңінде тек қана Д дәруменінің жеткіліксіз болуы  ғана емес, сонымен бірге А, В, С дәрумендердің, микроэлементтердің (магний, мырыш, темір) де жетіспей қалатын кездері де айтылады.

Үшінші кезеңдегі рахиттің белгілері:
– науқас баланың иммунитеті әлсірейді;
– анемия болады;
– тістері мүжіліп, дене бітімі жағынан өз қатарластарынан артта қалады.

Бұл кезеңді байқамау мүмкін емес оның салдарынан кейде грыжа пайда болады екен.

Қайталанған рахиттің белгілірі біраз басқаша болады. Олар аурудың себебіне және кей жағдайларда емдеу әдістеріне де байланысты. Екінші реттік (қайталаған) рахиттің түрлері:
– ұзақ уақыт дәрі-дәрмек қабылдағаннан болған рахит;
– ішкі секреция безінің ақаулы функциясынан пайда  болған рахит;
– гендердің мутациясынан пайда болған рахит;
– бауырдың қызметі бұзылғандығы салдарынан пайда болған рахит.

Рахитті емдеуді кешенді түрде жүргізу керек. Алдымен, кальций мен фтор алмасуын реттеу керек, «Д» дәруменін жеткілікті мөлшерде қабылдау қажет. Баламен таза ауада көбірек серуендеген жөн.

Соңғы жылдары рахит ауруымен ауыратындар саны азайған деуге болады. Оған түрткі болған жағдай — баланы, кем дегенде, алты айға дейін емізу. Сонымен бірге алдын алу шаралары бір жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына салауатты өмір салтын ұстауын насихаттау жұмыстарының белсенділігі мен күз бен қыс мезгілдерінде туылған балаларда алдын алу мақсатында Д дәруменін қолданғандығының пайдасы.

Жаңадан дүниеге келген сәбиге анасының табиғи сүтінен артық тамақ жоқ екенін ұмытпаған жөн. Дені сау бала өсу үшін ананың дені сау болғаны және дұрыс тамақтанғаны абзал!

Ұқсас мақалалар

Балалардағы анемия (қаназдық)

Аутизм – психикалық ауытқу

Фетальді алкогольді синдром

Даун синдромы

Comments 16

  • Жиенім Асхат та осындай науқасқа шалдыққан болуы керек, менімше. Үстіміздегі жылы ол 6 жасқа толады. Әлі де жүре алмайды, сөйлеуі де дұрыс емес. Көп жерлерге қарандық. Астанада да емделіп қайтты. Нәтиже жоқ. Климаты ыстык оңтүстік жақтағы туысқандарымыздың ауылында 1 айдай болып қайтқанда (осыдан 2-3 жыл бұрын) сәл тәуірлеу болып еді. Қазіргісі бір жатыс. Маман дәрігерлер ол шалдыққан науқас түрін «ДЦП Спастическое диплегия. Тяжёлые степен ЗПР» деп белгіледі. Бұл жоғарыда айтылған Рахит ауруының бір түрі ме? Аурудың алдын алып, қалай емдесек болады? Бұл қандай науқас екендігі туралы толығырақ кеңес берсеңіздер?

  • менин кызым 9 айлык але 1 де бир тиси жок даригерлер рахит себеп дейди толык рахит ауруынан айыгуга болама болса жолдарын айтуларынызды сураймын

  • неге сіздердің сайттарыңыздағы материялдар копериват етілмеит

    • Рұқсатсыз мақала көшіруге болмайды.

  • Рахитты медецина емдегеннен кори казакша емшиге апарып кидырган жон. Дурыс бала емшиси сол бойда айырып береди кай тури екенин.бул ертеден келе жаткан нарсе.

  • Рахит биздин ауылда кой ауруы деп аталад меним 2 айлык кызым ауырды емшиге кидырттым жаксы болд ато кайта кайта шырылдап жылап жаман екен кидырткан жаксы даригерлер дым истей алмайд

Яндекс.Метрика