Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Бірінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Бірінші бөлім)

Адам болатын бала алысқа қарайды.
***
Адам болатын бала — ағайыншыл,
Бай болатын бала — айырбасшыл.
***
Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
***
Атың жаман болса, қырың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.
***
Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,
Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
***
Асығу — баланың ісі, аттандыру — ананың ісі.
***
Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны,
Ұлы қалғанның — өзі қалғаны.
***
Әкесі құрдастың баласы құрдас.
***
Әкесі ұрған ұл оңар, шешесі ұрған қыз оңбас.
***
Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.
***
Нар баласын қарпып сүйер.
***
Бай баласы мақтанса, «жылқыдан жорға міндім» дер,
Би баласы мақтанса, «парадан шапан кидім» дер.
***
Әкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ,
Саған оңай болып па, биік жардан қарғымақ?!
***
«Ай» дер ажа жоқ, «Қой» дер қожа жоқ.
***
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
***
Бала — адамның бауыр еті.
***
Бір бала атасына жете туады,
Бір бала атасынан өте туады,
Бір бала кері кете туады.
***
Бір бала бар, әкесіне жете туатын,
Бір бала бар, әкесінен өте туатын,
Ал енді бір бала бар, кері кете туатын.
***
Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді.
***
Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
***
Ауызынан ана сүті кеппеген,
Белінен бесік табы кетпеген.
***
Балалы үйрек көлден кетпес,
Балалы жас елден кетпес.
***
Балаң болса, шоқ болсын,
Шоқ болмаса, жоқ болсын.
***
Баласы бардың өзі ойнар,
Балтасы бардың көзі ойнар.
***
Бала, баланың ісі — шала.
***
Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
***
Кәріге құрмет, балаға міндет.
***
Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйгі.
***
Баласы жоқ ханым тұл, баяны жоқ ғалым тұл.
***
Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
***
Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір.
***
Бай күйігі — етекте, бала күйігі — жүректе.
***
Бай күйігі — сыртта, бала күйігі — іште.
***
Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.
***
Баласы көп болса, ұрыс бастайды,
Түйесі көп болса, қоныс бастайды.
***
Баласы көп іс бастайды, түйесі көп көш бастайты.
***
Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.
***
Бала қорыған жерге өш.
***
Бала өз нәпақасын өзі ала туады.
***
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші,
Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.
***
Баланың өскен бесігі — кең дүниенің есігі.
***
Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс.
***
Баламен ойнама, шаршарсың,
Шаламен ойнама, күйерсің.

Ұқсас мақалалар

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Екінші бөлім)

spot_img

Қызықты

Тауық етінен құймақтар

✔ тауық еті ~300 г ✔1 жұмыртқа ✔1 ас қасық майонез ✔2...

Баланы горшокқа отырғызу

’Баланы горшокқа отырғызу.Осы жетістіктермен кейбір аналар бір-бірімен мақтанады, мақтанышпен...

1 жасқа дейінгі балаларда кездесетін кейбір аурулар

Өкпенің қабынуы (воспаление легких). Бұл ауру, әсіресе, жас нәресте...

Ана сүтінің қасиетін жас аналар ұға алмай жүр ме?

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші,...

«Іштен оқып туған» немесе ВУНДЕРКИНД бала.

Психолог мамандардың деректері бойынша, бала 4 жасқа қарай...