Балалар аналарының миын өсіреді

Американдық ғалымдар өткен жылдың соңында: «Балалар аналарының миын өсіреді» — деп таң қаларлық мәлімдеме жасады. Бұның мағынасы дүниеге бала әкеліп, оның күтімін жасаған әйелдердің миындағы кейбір бөліктердің үлкейетіндігін білдіреді. Ал сыры неде?

АҚШ-тың Мэрилэнд штатында орналасқан Ұлттық Психикалық Денсаулық Институтының (National Institute of Mental Health) ғалымдары дүниеге сәби әкелген 19 әйелдің миларын магниттік-резонанстық томограф аппаратының көмегімен өлшеген, зерттеген. Алғаш рет босанған кезде (босанғаннан соң 1-4 апта аралығында) миларын бірінші рет өлшесе, кейін араға 3-4 ай салып барып қайта өлшеген ғалымдар әйел миының әйел мен бала өмірі үшін маңызды (жауапты) бөліктерінің, үш бөліктің, өскендігін байқаған. Мысалы, мидың миндаль (бадамша) тәрізді денесі (амигдала), Гипоталамус бөлігі және мидың маңдай тұсындағы қабаты.

Мидың өсетін бөліктері, Әйелдің миы

Мидың миндаль (бадамша) тәрізді денесі екеу болды. Олар адамның эмоциясына, агрессиясына жауапты. Егер мида қауіпті жағай туса, осы екі дене Гипоталамус бөлігіне белгі береді. Гипоталамус эндокриндік жүйенің жұмысына жауапты, ал мидың маңдай тұсындағы қабаты қиын жағдайларда шешім қабылдауға жауапты.

Зерттеу барысында мидың сұр затының көлемі үлкейгендігі де анықталған.

Әдетте ересек адамдардың милары аз уақыт ішінде жылдам өспейді. Бірақ баласына күтім жасаған аналардың миларындағы процестер өзгеше қарқынмен жүріп отырады екен. Әзірше сыры белгісіз бұл құпия ары қарайғы зерттеуді қажет етеді.

Қызықты

Тар жамбас жағдайындағы жүктілік және босану

Жамбас сүйегінің кіші (тар) болуы жүктілік пен босану кезінде...

Қаңбақ шал

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал...

Неліктен нәрестенің қолдары мен аяқтары суық

Бір жасқа толмаған баланың үнемі аяқ-қолы суық болса не...

Бала неліктен жалқау болады?

Бала неліктен жалқау болады? деген сұраққа тоқталмас бұрын. Жалпы...

Балаңыз болашақта өмірден өз орнын тапқанын қаласаңыз

  Балаңыз болашақта өмірден өз орнын тапқанын қаласаңыз балаңызға деген...