Сыңарына жұтылып кеткен шарана

Адам айтса, нана қою екіталай жағдай. Перуде дәрігерлер үш жасар сәбидің ішінен толықтай дамымай қалып кеткен шарананы тапты. Жалпақ тілмен айтсақ, үш жасар баланың ішінде бала бар болып шыққан. Мұндай жағдай дүние есігін тірідей ашқан әрбір 500 000 нәрестеде кездеседі екен.

Ішінде сыңары жатқан бала. Фото: theblaze.com
Ішінде сыңары жатқан бала. Фото: theblaze.com

Амазонканың ну ормандарын мекен еткен тайпалардан шыққан үш жасар баланың денсаулық жағдайы сыр беріп, ішінің ауыратындығын айтқанда

әкесі баласын ауруханаға алып келген. УДЗ арқылы баланың іш қуысын қараған дәрігерлер толық жетілмей қалып кеткен 25 сантиметрлік денені анықтаған. Сөйтсе, ол бала анасының жатырында шарана болған кезінде екінші сыңарын жұтып қойған болып шықты. Жұтылған шарана сәбидің ішінде біраз дамып, кейін жетілуін тоқтатқан.

Баланың ішіндегі денені (паразит егізді) 12 хирургтан тұратын дәрігерлер тобы ота жасау арқылы алып тастады.

Баланың ішінде бала бар. Ол баланың ішінде не бар?

Толық жетілмеген шарана екінші шаранаға жұтылған кезден бастап жүрегінің, өкпелерінің, ішектерінің және миының дамуы тоқтаған. Массасы 700 грамға жеткен. Бұл масса кейбір шала туылған нәрестелердің көрсеткішімен бірдей.

Жұтылған шарананың басында шашы, көзі және сүйектері болған.

 

spot_img

Қызықты

Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

Мақаланың басы: Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын...

Балалар пульмонологы

Балалар пульмонологиясы - тыныс алу органдарының ауруларын зерттейтін және...

СҮТ ҚАТЫЛҒАН БАЛЫҚ СОРПАСЫ

Құрамы: 100 грамм жас балық, 2 кесе сүт, 2 кесе...

Кепкен нан көжесі

Құрамы: 4 ас қасық ұнтақталған кепкен нан, жұмыртқа сары уызының...

Халва

Қоспалары: 2 стақан шемішке (немесе пісте) 1,5 стақан ұн 1/2 стақан шекер 1/2...