Бала емізетін әйелдің жүктілігінің 4 белгісі

Кей әйелдер бала емізетін әйелдің жүкті болуы мүмкін емес деп ойлайды да, көп уақыт өтпей келесі сәбиіне жүкті болып қалады. Ол дегеніміз бала емізетін әйелдердің жүкті болулары мүмкін екендігін білдіреді. Ондай жүктіліктің мынадай белгілері болады:

  • Емшек пен емшек емізігінің жұмсаруы: балаңызды емізу кезінде емшек пен емізіктің жұмсарғанын, сезімтал болғанын байқайсыз. Бұл — жүктіліктің басталғаныныңбелгісі бола алады.
  • Сүт аз шыға бастайды: бастапқығы қарағанда, сүт бездерінің сүтті аз мөлшерде өндіруін байқасаңыз, жүкті болғаныңыздың белгісі бола алады.
  • Емшектегі бала аз емеді: жүктілік басталғанда әйелге бойында гормондық өзгерістер басталады. Ол өзгерістер емшек сүтінің дәміне де әсер етеді, дәмі өзгереді. Сол себептен баланың өз еркімен емшектен шығуы мүмкін.
  • Жүктіліктің әдеттегі белгілер: егер сіз жүктіліктің әдеттегі белгілерін байқасаңыз, тест жасауыңызға немесе дәрігердің қарауынан өтуіңізге болады.

Ұқсас мақалалар

Босанғаннан кейін етеккірдің келуі және кешігуі

Жүктіліктің алғашқы белгілері

Comments 22

  • Емізетін әйелдің жүктіліктен қалай сақтанғаны дұрыс?

  • Мен бала еміземін. Жүктіліктен сақтану үшін спираль салдырғаным жоқ. Салдырғанға дейін қалай сақтансам болады?

    • Спираль салдырмағаның дұрыс болған және де жүктілікке қарсы дәрілерді де қолданбағаның дұрыс. Бәрі АЛЛАның қалауымен.

  • Мен босанғаннан кейін жатырда қалдық қалды яғни гемотаметрия. Одан кейін 3 ай өтті тазалау жасатпадым, шамалап кусоктар түсті. Енді қояр сұрағым: бала көтеруде әсері жоқ па, денсаулығыма ше? Өздігінен түсуі мүмкін бе? Өзім ешқандай ауырсынуларды сезінбеймін.

  • Гемотрамертранын денсаулыққа зияны бар ма және де бала көтеруде әсері бола ма мен ешқандай шара қолданған жоқпын шамалап кусок қан түсті озінің түсуі де мүмкін бе?

  • Салеметсиздерме мени мазалаитын бир жаи бар менин жатырымда эрозия бар ягни жара соны куидирмеи ак емдеудин тури бар ма дариден баска?жауаптарынызды кутем!

Яндекс.Метрика