Бала емізіп жүріп жүкті болып қалуым мүмкін бе?

Емізіп жүріп жүкті болып қалуым мүмкін бе?-деген сұрақтар жиі қойылады. Осы сұрақтың жауабын қабыл алыңыздар!  Лактациялық аменорея- лактацияның əсерінен етеккірдің болмауы.
Босанғаннан кейін бала емшек емгенде пролактин гормоны көптеп бөлінеді.
Пролактин жұмыртқа жасушасындағы фолликуладың өсуін тежейді.  Фолликул болмаса жұмыртқа жасуша шыкпайды.  Ол шықпаса овуляция болмайды. Овуляция болмаса етеккір де болмайды. Овуляция мен етеккір болмаса балада болмайды.

Лактациялық аменорея ОРТА есеппен 6-9 айға созылады. Кей əйелдерде босанған соң 2 айдан соң келуі мүмкін. Немесе емізіп жүргенінде 1.5 -2 жылға дейін келмеуі мүмкін. Сондықтан əркімде индивидуально. Емізуді тоқтатқан соң 1-2 айда етеккірі келуі тиіс. Келмесе дəрігерге қаралып тексерілуі керек.  Сондықтан лактация кезеңі барлық шарттары орындалса 99% жүктіліктен қорғайды. Əйел баласын емізіп жүрсе (тек қана ана сүтімен , күндізде, түндеде, жəне емізу арасы 3-4 сағаттан кем емес) етеккірі əлі келмеген болса онда овуляция жүрмейді. Ол деген сөз бұл əдіс 99% эффективті деген сөз.

Қандай жағдайда бала көтеру мүмкін болады:

– Бала емізу аралығы ұзарса ( түнде ұзақ болуы мүмкін)

–  Балаға қосымша тамақ берілгенде

– Емшекте сүт қатып қалған жағдайда (лактостаз)

-Босанғаннан кейінгі алғашқы овуляция алғашқы етеккірден 2 апта бұрын болады. Етеккір келейін деп тұрғанда көтеріп қою мүмкін. Яғни сол моментке топ етіп түссеңіздер бітті.

Босанғаннан соң етеккір келген күннен ары қарай бұл əдіс тиімсіз. Овуляция бола береді деген сөз. Лактациялық аменорея əдісі ол тосынсыйымен  жүретін əдіс екенін есімізден шығармайық.

Дереккөз

Яндекс.Метрика