Ғалымдар 4753 əйелді зерттеп, құрамында 800 мкг фолий қышқылы бар витаминді, жүктілікке дейін 1 ай, жүктіліктен кейін 2 ай ішкен əйелдерің балаларында Нерв түтікшесінің ақаулары 92% төмендегенін дəлелдеген.

Нерв түтікшесі дегеніміз не жəне оның маңызы қандай? ⠀
✓ Нерв түтікшесі – ол нейрондар мен орталық нерв жүйесі (бас ми мен жұлын) дамитын түтікше. ⠀
✓ Нерв түтіктері ұрықтанғаннан кейін 21-26 күндері дамиды. Ал біз учетқа тұруға 8-12 аптада барамыз. Ол кезде жүйкелер мен кейбір ағзалар дамып қалыптасқан болады. ⠀
Сондықтан егер сіз жүктілікті жоспарласаңыз, жүктілікке дейін 1 ай , кейін 12 аптаға дейін міндетті түрде ішу керек. Жүктіліктің соңына дейін іше беруге болады. 1 триместрде міндетті түрде ішу керек. 400- 800 мкг тəулігіне. ⠀
*  Фолий қышқылын ішу қаншалықты маңызды? ⠀
– Фолий қышқылы əртүрлі жүйке жүйесіне байланысты ақаулардың;⠀
– Жүрек- қантамыр жүйесінің ақауларының;

– Даун синдромының ⠀
– Əртүрлі аномалиялардың алдын алуда маңызы зор.⠀

Сондықтан фолий қышқылының маңызын əрбір болашақ ана білуге тиіс.

Дереккөз