Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі

Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану – ұрықтың жақсы өсіп-дамуы үшін, әйелдің көңіл-күйінің жақсы болуы үшін, сонымен бірге босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңнің қолайлы өтуі үшін қажет. Тамақпен қоса болашақ ана бойына энергия және жатырындағы сәбидің дамуына қажет «құрылыс материалдарын» алады. Азық-түлік құрамындағы құнарлы заттар (ақуыздар, майлар, көрсулар, дәрумендер мен минералды заттар) ағзаға еніп, генетикалық программалардың дұрыс орындалуына жауап беретін химиялық процестердің нақтылығы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді. Жүкті әйелдің рационында бір-екі құнарлы заттың жетіспеушілігі салдарынан ұрықтың дамуындағы ауытқушылықтарды тудыруы мүмкін.

Өсімдік қоректер ағзаны энергиямен жеткілікті түрде қамтамасыз етуі мүмкін, алайда оның құрамында өмірге маңызды көптеген қорек заттардың, оған қоса аминқышқылдардың, минералды тұздардың, дәрумендердің мөлшері жеткіліксіз. Мысалы, сәбидің сүйектерінің, бұлшықеттерінің, жүйке жүйесінің дамуына өте қажет кальций сүтті тағамдардың және жұмыртқаның құрамында көп. Ал сәбидің қанайналу жүйесіне белсенді түрде қатысатын В тобындағы көптеген дәрумендер етті тағамдардың құрамында бар.

Жүктілік кезінде тиімді тамақтанудың негізгі принциптері:
1. Тағам құрамында міндетті түрде ақуыз, май, көміртегі болуы керек.
2. Тағамыңыз үйлестірілген болуы керек, яғни әр құнарлы затты белгілі бір мөлшерде қабылдау.
3. Мүмкіндігінше күнбе-күн нақты бір тамақтану тәртібін ұстанған абзал. Мамандардың пікірінше, арасында 3-4 сағаттық үзіліс жасап, күніне төрт рет тамақтанған дұрыс. Бұл шамамен төмендегі кестедегідей болады:

Тамақты қабылдау Уақыты, сағат Тамақ калориясының тәуліктік мөлшері, %
Бірінші таңғы ас 8-9 30
Екінші күндізгі ас 11-12 20
Түскі ас 14-15 40
Кешкі ас 18-19 10

Қосымша ретінде кешке қарай (бірақ ұйықтар алдында емес!) бір стакан айран немесе басқа да майлы емес сүтті-қышқылды сусындар ішуге болады.

Жүкті әйелдің тәуліктік тамақтану мөлшері

Азық-түліктер Мөлшері, г Құрамы Энергетикалық құндылығы, ккал
ақуыз май көміртегі
Ет өнімдері 120 16,2 9,12 147,6
Балық өнімдері 100 16,0 0,4 68,0
Ірімшік (творог), майлы емес 170 23,8 0,81 5,4 112,5
Айран, майлы айран 200 6,7 6,7 7,4 124,0
Сүт 250 9,0 10,5 13,5 186,0
Сары май 15 0,06 11,77 0,075 110,1
Қаймақ 30 0,6 8,4 0,9 85,55
Сұйық май 25 23,2 193,0
Қант 50 47,75 195,0
Қара бидай наны 100 7,0 1,0 45,0 223,0
Бидай наны 100 7,1 1,0 47,5 230,0
Ұннан жасалған тағамдар 100 5,7 11,8 55,7 361,3
Жұмыртқа 1 дана 9,2 5,4 0,47 100,5
Жарма мен макарон 60 7,44 1,5 40,0 208,0
Картоп 200 3,73 42,1 189,0
Орамжапырақ 100 1,2 14,0 62,0
Қызылша 100 1,1 10,3 47,0
Сәбіз 100 1,29 7,6 36,0
Қызанақ 200 1,34 4,0 21,3
Пияз 35 0,95 3,05 16,1
Жемістер немесе жеміс шырыны 200 1,2 46,0 193,4
Барлығы 119,6 91,5 391,0 2969,6

Кестеде көрсетілген сандар шамамен алынған.

Жалғасы: Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

фото: babywonderland.co.uk

Яндекс.Метрика