Жүктілік және әйел жасының ерекшеліктері

Жүктіліктің дамуына әйелдің жас мөлшері қалай әсер етеді?

Жасөспірімдік жүктілік

Жасөспірім қыздардың жүктілік ағымы мен босануы (18-20 жастан төмен қыздар) бала тууға қолайлы жастағы (20-26) дені сау әйелдерге қарағанда, түрлі қиындықтармен өтеді. Жасөспірімдік жүктіліктің әдеттегі қауіпті белгілері төмендегідей:

  • Уақытына жетпей босану қаупі (16-41%);
  • Кеш басталған гестоз (35-67%);
  • Преэклампсия (гестоздың асқынған түрі);
  • Анемия (қаназдық) (15-62%);
  • Асқынған фето-плацентарлық жетіспеушілік (77%);
  • Босану әрекетінің аномалиясы (асқынуы).

Туындайтын кейбір қиындықтардың бірі, мысалы, жамбасының тар болып келуіне байланысты және жасөспірім қыздың физикалық жағынан толық жетілмеуі салдарынан дәрігерлер оған өздігінен босануға рұқсат етпейді. Себебі жүктілік кезінде болашақ ананың ағзасы да дамиды.

Жасөспірімнің психологиялық мінез-құлқының да мәселелері маңызды. Жасөспірім қызға «жүкті болып қалдым» деген ойдың өзі ауыр соққы болады. Ол өзін қалай ұстау керектігін білмейді, дәрігерге барудан ғана емес, анасына да бұл жайлы айтуға батылы бармай қорқады. Өкінішке орай, осындай жағдайға тап болған қыздардың көбісі ақыл-кеңес сұрау үшін жүктілік туралы мүлдем бей-хабар, өзі сияқты жас жақын құрбысына жүгінеді.

Өте жас аналардың сәбиі мерзіміне жетпей немесе салмағы өте аз болып туылады. Босану кезіндегі қиындықтар түрлі зақым келтіруі мүмкін.

Қандай да бір қауіптің алдын алу үшін босану кезінде туу мерзімі жақындағанда (босану мерзімі болжанып белгіленген күннен 1-2 апта бұрын) жас ананы ауруханаға ерте жатқызған жөн.

30 жастан кейінгі жүктілік

Көптеген дамыған елдерде 35 жастан асып босанған әйелдерді (тұңғыш баласын) қартайып босанғандар деп есептейді. Сонымен, 30 жастан асқаннан кейінгі жүктілік әйелге қалай әсер етеді?

Ғалымдардың дәлелдеуінше, сырттай онша байқалмаса да, 30 жастан асқан соң адам ағзасы қартая бастайды. Зерттеулер көрсеткеніндей, бұның бірден-бір себебі – эндокриндік жүйенің белсенділігін, оның ішінде өсу гармонын толықтай басқаратын без — гипофиз безі — белсенділігінің төмендеуі. Осы гармонның жетіспеушілігінен ағза жаңарып отырмайды және біртіндеп сола бастайды. Осыған қоса, әйелдің бала тууға қабілеті де жойыла бастайды. Сондықтан 30-35 жастан соң әйелдің жүкті болуға мүмкіндігі аз екендігі дәлелденді.

Әйелдермен қоса, бұл мәселе ер адамдарға да қатысты. Себебі жылдар өткен сайын ер адамның ағзасында зат алмасу процесі арқылы пайда болатын өнімдерді ыдыратушы тератогендер, дербес радикалдар жинала бастайды. Олар көбеюге қатысатын жасушаларды (аналық клетка мен аталық ұрық) да, анасының жатырында дамып келе жатқан ұрыққа да қауіпті. Сондықтан осы жастағы ерлі-зайыптылардың сәбилері дүниеге дамуындағы кейбір ауытқушылықтармен келуі мүмкін, оған қоса, тұқымқуалаушылық аурулармен (мысалы, Даун синдромы) туылады.

Сонымен бірге, жасыңыз артқан сайын түрлі асқынған аурулардың да дамитынын естен шығармағаныңыз жөн. Сол себепті жүктілік кезінде (әсіресе алғашқысында) 30-дың табалдырығын аттаған көптеген әйелдердің денсаулығы да сыр бере бастайды.

Жүктілік кезінде 35 жастан асқан әйелдердің артериалды қан қысымы жиі көтеріледі, жеріктігі кеш басталады (поздний гестоз), ұрықтың орналасуы дұрыс болмайды, тамырларының түйнеліп кеңею (варикозное расширение вен) қаупі, бүйрек аурулары, бел және жамбас тұсының қатты ауырсынуы байқалады. Көбіне 30-дан асқан әйелдерді кесар тілігімен босандырады (алғашқы жүктілігі болған жағдайда).

Алайда, бұл жастағы жүктіліктің кейбір артықшылықтары да бар. Әрине, ол – көптен күткен бақыт. Болашақ ана дүниеге дені сау сәби әкелу үшін, түрлі қауіп пен асқынулардың алдын алу үшін өзінің денсаулығына саналы түрде назар аудара алады, дәрігердің кеңесін ешбір қарсылықсыз орындайды, «аналар мектебіне» барады, құрсағында сәбиін тәрбиелеу ісімен айналысады. Оған қоса, сәбиі дүниеге кеш келген көптеген отбасында баланың интеллектуалды және эстетикалық жағынан дамуына ерекше көңіл бөлінеді, бұған ата-анасының көп жылдарғы тәжірибесі септігін тигізеді.

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Яндекс.Метрика