Жүктілік және гломерулонефрит

Гломерулонефрит — генетикалық туындаулы бүйректің екі жақты иммундық қабынулы кеселі. Бұл жүктіліктің елеулі асқынуы болып табылады.
Дерт негізінен инфекциялық-аллергиялық сипат иеленеді. Ол баспадан (ангинадан), жоғары тыныс жолдарының қатарынан, терінің іріңді жараларынан, рожадан соң, немесе скарлатина мен басқа жұқпалардан кейін асқыну ретінде дамиды. Гломерулонефрит жедел және созылмалы түрлерде өтуі мүмкін.
Жедел гломерулонефрит көбінесе циклдік және ациклдік түрде өтеді. Алғашқы түрі кенеттен, стрептококтық дерттен кейін 10-12 тәулікте пайда болады және тез өршидін ісікпен, олигоуриямен, гипертензиямен ентігумен, бас ауруымен, бел сырқырауымен, макрогематуриямен, протеинуриямен және цилиндруриямен білінеді.
Кейде дене қызуы көтеріледі, азотемия пайда болады. Мұндай жағдай бірнеше күнге немесе бірнеше аптаға созылады, одан соң жақсару туындайды, дегенмен зәрдегі патологиялық өзгерістер ұзаққа сақталады. Егер дерт белгілері (симптомдары) жылға жуық сақталса, онда кесел созылмалы түрге ауысты деп саналады.
Ациклдік түрі біртіндеп, аздаған ентігумен, әлсіздікпен, тіндердің (тканьдердің) домбығумен, микрогематуриямен және протеинуриямен басталады. Дерттің бұл түрі жеңіл өтеді және көбіне созылмалы ағым иеленеді. Гломерулонефриттің жедел түріндегі, кеселдің гипертониялық формасындағы, азатемиясы бар созылмалы гломерулонефрит асқынуындағы жүктілік қарсылыққа ие, яғни бала көтеруге болмайды.
Екі қабат әйелдердегі созылмалы гломерулонефрит көбіне латенттік, сирегірек гипертониялық, нефротикалық немесе аралас түр иеленеді. Гломерулонефриттің латентті түрінде жүктілікті сақтап қалуға болады; нефротикалық, гипертониялық және аралас түрлерінде ұрық гипотрофиясы пайда болады, оның құрсақішілік шетінеу қауіпі қалыптасады. Бұл қауіпті анықтағанда мезгілінен ерте босандыру жағдайы жасалады.
Созылмалы гломерулонефриттің диспансерленуі кеселдің клиникалық нұсқасымен анықталады. Мәселен, гипертониялық және латенттік нұсқаларды жарты жылда бір рет жалпы қан және зәр талдауын жүргізу арқылы қаралады, сондай-ақ гипертониялық түрінде жылына 1 рет окулист кеңесі және ЭКГ-зерттеу жүргізу қажет. Бұл сырқаттарға түнгі ауысымды жұмыс істеу, көзге күш түсетін, эмоционалдық кернеуі, физикалық ауртпалығы бар жұмыстарды атқаруға болмайды. Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық және нұсқаларында диспансерлік бақылау жылына 4 рет жүргізіледі және жылына бір рет жоспарлы түрде ауруханаға жатып емделу қажет. Емдеудің профилактикалық курстарын жүргізу жеке шешіледі, мұнда антикоагулянттар, антиагреганттар, глюкокортикоидтар, цитостатиктер және сиптоматикалық терапия қажет.

Ұқсас мақалалар

Мастит және оның алдын алу

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

spot_img

Қызықты

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына...

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші...

Kfc тауықтары

Керекті заттар: Тауықтың төс етi 1дана тұз қара бұрыш қызыл бұрыш зәйтүн майы 3а.қ жұмыртқа...

Жатыр миомасы

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың...

Ұлға әке керек

  Ұл балаға әке керек. Әрдайым, ешбір сылтау-себепке қарамастан. Қазіргі...