Жүктілік кезіндегі көңілсіздік

Егер әйел ұзақ уақыт бойы бойындағы мазасыздығын баса алмаса, жүйкесі шаршаса, ол біртіндеп сары уайымға (жабығу, торығу) салынады.

Сары уайымға салынудың белгілері төмендегідей:

  • үнемі бір нәрсеге алаңдау, абыржу;
  • жалғыздықты және өзін ешкімге керексізбін деп сезіну, айналасындағылармен қарым-қатынасын жоғалту;
  • көңіл күйінің құбылмалылығы;
  • созылмалы шаршағандық;
  • күнделікті істейтін әрекеттеріне қызығушылығын жоғалту;
  • басының жиі ауыруы;
  • асқа тәбетін жоғалту немесе сүйікті тағамынан жиіркену;
  • түнде қорқынышты түстер көру немесе ұйқысыздық.

Мұндай белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігеріңізге айтыңыз. Мүмкін кейбір белгілерінде дәрі-дәрмектер (антидепрессант) қабылдау қажет шығар.

Әдетте, жүкті әйелдерге дәрігердің тарапынан аздаған мөлшерде сирек қабылдайтын дәрі-дәрмектер немесе өсімдіктер тұнбасын ішу тағайындалады. Мұндай дәрілер дамып келе жатқан ұрыққа айтарлықтай әсер ете қоймайды, бірақ мүлдем қауіпсіз деп те айта алмаймыз: барлық антидепрессанттар ұрықтың ағзасына жолдасы (плацента) арқылы сіңеді. Сондықтан еш уақытта өз бетіңізбен дәрінің қабылдау мөлшері мен жиілігін арттыруға болмайды. Ең бастысы, ешбір жағдайда өз бетіңізбен ем-дом жасамаңыз, дәрігеріңіз тағайындамаса тыныштандыратын дәрілерді де қабылдамаңыз.

Сана-сезімі мен түсінігінің өзгеруі

Жүктіліктің ең соңғы кезеңінде және босану кезінде көптеген әйелдердің бойында ерекше психикалық жағдай сана-сезімінің, түсінігінің өзгеруі байқалады. Бұл есінде қалған өткен өмірінің елес-суреттері, өзінің сипатына сырттай қарағаннан, сәбиімен телепатиялық қатынас жасағаннан, ерекше бақытты сезінгендіктен болуы мүмкін.

Ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырымдар бар, мұндай сәтте кез келген ақпаратты қабылдауға, меңгеруге әйелдің соқыр сезімі (подсознание) кеңінен ашылып дайын болады. Сондықтан мұндай күйде жүргенде айналасынан естіген әрбір сөз оның көңілінде ұзаққа сақталып, өшпестей ізін қалдырады да болашақтағы анасының сәбиіне деген қарым-қатынасын анықтайды.

Comments 1

  • 12апта тапсыратын анализ бен узи туралы билейн деп едим

Яндекс.Метрика