Адамзат баласы ер мен әйел болып жаратылғалы екеуінен өрбитін ұрпақтың болатыны аян. Әйел адам баланы тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, дүниеге әкеледі.
Жүктілік кезінде әйелдің емшектері толысып, дөңгелек пішінге ене бастайды. Бұл ері мен әйелінің қуанышы десек те болар. Өйткені әйелдің сұлулығына сұлулық қоса түсетін қасиеті бар. Мұндай сұлулық ұқыпты күтімді қажет етеді.
Толысқан емшектер сәби дүниеге келген сәттен бастап-ақ баға жетпес азық болады. Сәбиін өзінің бойындағы сүтпен емізу ана үшін — бақыт. Ол бақытты тек аналар ғана сезіне алады.
Жүктілік кезеңі аяқталғаннан соң емшек бұрынғыдай толық болмайды. Бірақ ол деген қатерге ұрындырады деген сөз емес, яғни, тері жиырылып, жасы 80-90 жас аралығындағы қариялардың терісіндей болмайды. Әрине, ол үшін күтім керек.
Бала емген емшектің пішіні өзгеріп, басқаша түрге енеді ауырлай түседі. Емізігі (емшектің ұшы) қарауытып, үлкейеді.
Жүктілік кезіндегі емшек күтімі
Емшек әйелдің аяғы ауырлағаннан кейін өзгереді. Алдымен сырт көзге байқалмайтын ішкі өзгерістер орын алады. Ал кейіннен емшектің пішіні өзгереді. Осы кезден бастап емшек терісін созылып кету мен тартылып қалудан қорғайтын арнайы кремдерді (иісмай) пайдаланған жөн. Олардан бөлек теріні ылғалдандыратын кремдер мен теріге қажетті қоректік заттары бар орамаларды (питательные обертывания) пайдалану өз пайдасын тигізеді. Пайдаланатын кремдердің құрамында өсімдік экстарктілері, минералды қоспалар, Q10 коэнзим болады.
Кремдерді жақпастан бұрын емшек пен оның айналасын тазалап алу керек. Екі емшектің арасын мен қолтыққажақын аймақтарға да жаққан дұрыс болады. Себебі, ол аймақтар да тартылып қалады.
Емшекті бала емізуге дайындау үшін мамандар жұмсақ түктері бар сүлгі немесе соған ұқсас мата пайдалануға кеңес береді. Бірақ олай емшекті көп «сипағаннан» жатырға зиян келуі мүмкін. Сол себептен де орнымен істеген абзал.
Жүкті немесе бала емізетін әйел үшін кеудешенің (бюстгальтер) маңызы шамалы. Бұрынғы кеудешелері бала емізетін кезеңде жарамай жатады. Өйткені емшектің терісі нәзік болады. Кеудешелер мен емшекті қысып тұратын ішкиімдер емшектің қан айналымын бұзуы ықтимал. Одан бөлек, емшектің терісіне зақым келтіруі де ықтимал. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін ыңғайлы әрі кең кеудешелерді алған жөн.
Босанғаннан соң
Сәби шыр етіп дүние есігін ашып, анасы «жеңілдеген» кезде емшекке баланы емізетін сүт келетіні түсінікті. Сәбиді емізетін уақытта крем жақсаңыз, сәбидің аузына дәм мен иістің түспеуіне баса назар аударыңыз. Ең дұрысы, кремді жаққаннан соң 10-15 минуттан соң сулы (ылғалды) майлық қағазбен (салфетка) сүртіп тастау керек. Тері өзіне қажетті мөлшердегі кремді сіңіріп алады. Ал керек болмаған бөлігін сіз сүртіп тастайсыз.
Емшектің сұлулығын сақтау үшін баланы ертерек емшектен шығаруға болмайды. Негізінен, баланы екі жыл бойы емізу керек. Баланың да анасынан алуға тиісті материалдық та рухани да қазынасы — ананың емшек сүті. Әйелге емшек сыртқы сұлулығын сақтау үшін ғана емес, нәрестесін дұрыстап емізу үшін берілген болар.
Сәлеметсіздерме сіздердің араларыңызда осындай жағдай болған болса кеңес беріңіздерші Казир балам 5айдан кетті. Омырау ембиді 2ай емді мастит болдым ұшы жазылмады омыраумен 2ай алыстым даригерге қаралғам емізбе деді мүлдем ұшы жоқ шықпады
Енди нестеуге болар екен тегіс болып тұрады