Қазақша кукси

Құрамы:
кеспе (спагетти);
ет пен пияз;
көкөніс салаты (қырыққабат, сәбіз, сарымсақ, дәмдеуіштер, сұйық май);
томат, тұз.
Дайындалуы:
Алдымен қазанда етті қуырып аламыз, оның үстіне пиязды турап саламыз. Жартылай қуырылған соң томат пен тұз салып, дәмдеуіштермен дәмін келтіреміз. Жақсылап қуырылған соң үстіне қайнаған су құйып, жәй отта ұстаймыз.
Осы уақытта көкөністен салат дайындаймыз. Ол үшін қырыққабат пен сәбізді ұзын әрі жіңішкелеп тураймыз. Қырыққабатқа тұз салып, сәл жұмсару үшін 2-3 минутқа қоямыз. Содан соң үстіне сәбіз бен ұсақтап туралған сарымсақты салып, дәмдеуіштер (қызыл/қара бұрыш, кориандр, корей тұзы) мен сұйық майды қосып араластырамыз. Салат дайын!
Ендігі кезек кеспеде, қайнап тұрған суға кеспені салып, тұз қосып пісіреміз. Піскен соң ыстық судан сүзіп алып, тамақ құятын ыдыстарымызға бөлеміз
Барлығы дайын, енді ыдысқа құю қалды. Кеспе салынған ыдысымыздың үстіне сорпаны құйып, бір бұрышына ащы салаттан саламыз. Қазақша кукси дайын, ас болсын!
Кеңес: куксиге соя соусын құюға да болады.

spot_img

Қызықты

Байқау: Біздің сәбиіміздің есімі…

Біз журналымыздың екі санында бір рет шығатын "Біздің сәбиіміздің...

Сүзбе

Ұлттық мәзірлеріміздің тағы бір түрі — сүзбе. Сүзбені ашыған...

Дәмді макарон

Құрамы: Макарон (Сұлтан) - 0,5 пакет Пияз - 1 дана Фарш -...

Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған....

Қырсық баланы қалай тәрбиелеу керек?

  Баланың қарсылығы мен айтқанынан қайтпауы, қырсықтығы ашуыңызға тие ме???...